Елордалық антикор мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығын еске салды

Елордалық антикор мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығын еске салды

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауапты тұлғалармен кеңес өткізді.

Әкімдіктің жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде,"Алматы", "Байқоңыр", "Есіл", "Сарыарқа" аудандары әкімі аппараттарында, сондай-ақ елорданың квазимемлекеттік секторының субъектілерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы есеп берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселесі өзекті болды. № 4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл"үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде мемлекеттік сектор арасында да, жалпы халық арасында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті одан әрі қалыптастыруға бағытталған нақты шараларды әзірлей отырып, 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыстың нәтижелері талқыланды.

"Біздің Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты бүгінгі күні азаматтық қоғаммен және парасатты бизнеспен әріптестік қатынастарға негізделген алдын алу жұмыстарына көп көңіл бөледі. Сіздің негізгі міндеттеріңіздің бірі ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету болып табылады", - деп түйіндеді Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Руслан Атығаев.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қабылданған қағидаларының және квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Үлгілік ереженің негізгі ережелері жеткізілді.

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив