Бас прокуратура Базель басқару институтымен ынтымақтастық туралы келісім жасады

Бас прокуратура Базель басқару институтымен ынтымақтастық туралы келісім жасады

Бас Прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов бастаған Бас прокуратураның делегациясы Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің көмегімен Базель басқару институтымен келіссөздер жүргізді.

Осы Институттың құрамына кіретін Халықаралық активтерді қайтару орталығы (ICAR) – әртүрлі елдердің құқық қорғау органдарына жәрдемдесетін әлемдегі ең ірі орталықтардың бірі.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Бас прокуратурасының Базель басқару институтымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім шарттарға сәйкес Базель институтының сарапшылары Қазақстанның Бас прокуратурасына төменде көрсетілген бағыттар бойынша:

1) активтерді қайтару мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді талдау және жетілдіру жөніндегі ұсынымдар;

2) халықаралық тергеп-тексерулер жүргізуде және активтерді шетелден қайтаруға байланысты қылмыстық істер бойынша сұрау салулар дайындауда құқықтық және консультациялық көмек;

3) қаржылық тергеп-тексеру және активтерді қайтару, оның ішінде әлем бойынша компаниялардың бенефициарлық меншік иелері мен жылжымайтын мүлік иелерінің тізімдерінен онлайн режимінде ақпарат алу мәселелері бойынша оқыту тренингтері мен семинарларын өткізу бойынша жәрдем көрсетеді. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив