Жыл басынан бері ІІО-ға мыңға жуық жасөспірім жеткізілді

Жыл басынан бері ІІО-ға мыңға жуық жасөспірім жеткізілді

Ағымдағы жылдың басынан полиция органдары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ оларға қатысты құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде. 

Жергілікті пысықтау жұмыстары барысында ішкі істер органдарына 961 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, 1456 заңды өкіл, яғни  кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін - 667 ата-ана,  кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болғаны үшін - 101 заңды өкіл, бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін - 70 ата-ана  және өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

123 жасөспірім және 45 тұрмысы нашар отбасы есепке қойылды, 9 заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылды, 2 жасөспірім мамандандырылған мектепке жіберілді. 

-        Кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу процесінде ішкі істер органдары өз күш-жігерін қылмысқа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ оларды жоюға бағыттайды. Полиция қызметкерлері, ата - аналар, мұғалімдер және басқа да мүдделі органдар бірлесе отырып жұмыс жасап, жасөспірімдерді дұрыс, заңға бағынатын жолға салуы тиіс", - деді  ПД ЖПҚБ-нің ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев. 

Жалпы жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,5% - ға төмендеді. Сондай - ақ, онша ауыр емес  қылмыстар 100% - ға, ал кәмелетке толмағандар жасаған орташа ауырлықтағы қылмыстар саны төрттен бір пайызға азайды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив