Петропавл полицейлері көліктерді тонаған екі ұрыны қылмыстық жауапкершілікке тартты

Петропавл полицейлері көліктерді тонаған екі ұрыны қылмыстық жауапкершілікке тартты

Петропавлда 18 және 28 жастағы екі тұрғынға қатысты шығарылған үкім күшіне енді. Жастар 5 эпизод бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыскерлер қараңғыда әрекет еткен. Иелері есіктерін жабуға ұмытып кеткен қаңтарулы тұрған автокөліктердің ішіне еніп отырған. Екі жағдайда – шыныларын сындырған. Олар көлік салонындағы, жүксалғыштарындағы қалдырылған заттарды алып кетіп отырған. Тоқсан би көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында қаңтарылып тұрған «BMW» автокөлігінен қаскөйлер 12 мың теңге салынған әмиянды, банктік карталар мен көлікті тіркеу куәлігін қолды қылған. Бес эпизодтың төртеуі тамыздың 31-не қараған түні жасалыпты. Көлік ұрыларының алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

«Қыркүйек айының басында күдіктілер ұсталып, қамауға алынды, - дейді Петропавл қ. ПБ тергеу бөлімінің бастығы полиция майоры Нұржан Омаров. – Екеуі де бұрын сотталған. Кішісі бұған дейін кәмелетке жасына жетпей тұрып, қылмыстық әрекеттерге барған. Сот оған 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі, ал жанындағы сыйбайласына 4 жылға бос бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. Автокөлік иелеріне салонда құнды заттар мен құжаттарды, ақшалай қаражаттарды қалдырмауға кеңес береміз. Автокөлікке мүмкіндігінше дабыл құрылғысын орнатқан жөн. Егер күзетілетін көлік тұрағы болмаса, темір тұлпарыңызды түнгі уақытта жарық түсіп тұратын жерлерге қойған дұрыс. Сондай-ақ көппәтерлі үйлердің аулаларында бейнебақылау камераларын орнатудың да тиімділігі бар. Олар автокөліктерде жасалған ұрлықтарды «ізін суытпай» ашуға көмектеседі. Әрі бұл жерге ұрылар да беттемейді». 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив