Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы сотталғандармен кездесті

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы сотталғандармен кездесті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесіндегі сотталғандар арасында діни экстремизм және терроризм және деструктивті діни ағымдардың таралуына жол бермеу мақсатында жүйелі ақпараттық түсіндіру және профилактикалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп тұрады.

Қызылорда облыстық Қоғамдық даму басқарамасының мемлекеттік тапсырысы аясында,  «Асыл мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл» академиясының директоры РАТТ мүшесі, теолог Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы мекемеге келіп, сотталған азаматтарды жеке-жеке қабылдап, олардың дінге деген көзқарасы мен діни сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында еркін әңгіме өрбітті.

 Профилактикалық іс- шара барысында сотталған азаматтарға «Мұсылманның әдептері» тақырыбында насихат жүргізді. Жазасын өтеуші азаматтар теолог маман тарапынан жүргізілген дәріске қызығушылықпен қатысты және дәріс соңында өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

«Мекеме теологтары және өзге де мекемеге келуші имамдар мен теологтардың дәрістерін жібермей қатысып келемін. Осының нәтижесінде діни көзқарасым жақсы жағына өзгерді. Бұрын дінді өз деңгейінде дұрыс түсіне алмаған болсам, қазіргі таңда аталған мамандардың еңбектерінің арқасында өз қателіктерімді түсініп дінге, қоғамға деген көзқарасым өзгерді. Дегенмен осындай республикалық деңгейдегі мамандардың да келіп тұрғандары артықтық етпес еді. Бұрын бұл кісілердің уағыз-насихаттарын тыңдамаушы едім, қазір сол қателігімді түсіндім», - дейді сотталғандардың бірі.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив