ҚР ИИДМ жол саласындағы нормативтік құжаттарды жеңілдету жөнінде бастама көтерді

ҚР ИИДМ жол саласындағы нормативтік құжаттарды жеңілдету жөнінде бастама көтерді

Жол саласындағы құрылыс нормалары, стандарттары мен нормативтік-техникалық құжаттамалар санын азайту бойынша жүргізіліп жатқан реформа шеңберінде олардың саны 1 200-ден 50-70-ке дейін кемитін болады. Осы тарапта жүргізілген ревизия салалық ережелерге сәйкес жұмыс уақытын азайтуға және жол құрылысы мен жобалау жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған.

Жобалау, құрылыс және автомобиль жолдарын пайдалануға берудің сапасын арттыруда жол саласындағы құрылыс нормалары, стандарттары мен нормативтік-техникалық құжаттар базалық рөл ойнайды. Бүгінде елімізде 1 200-ден астам салалық құжат қолданыста. Оның ішінде, 114 құрылыс нормативтері (ҚР ҚН, ҚР ЕЖ), 303 ұлттық стандарт, 527 мемлекетаралық стандарт (МС), 17 ведомстволық норма, 200 ведомстволық нормативтік-техникалық құжат және 56 баға белгілеу мен сметалық жинақтар бар.

Профилдік құжаттардың шамадан тыс көп болуы мен ретсіздігі оларды басымдықтар бойынша анықтау кезінде біршама қолайсыздық тудырады. Сонымен бірге құжаттарда жиі кездесетін сәйкессіздіктер, қарама-қайшы талаптар, қайталама және ескірген нормативтер жағдайды одан әрмен күрделендіріп, жобалау мен құрылыста көптеген қателіктерге жол береді.

Бұл орайда қалыптасқан бей-берекетсіздік қазіргі қолданыстағы мемлекеттік сатып алулар кезіндегі жағдайды тудырып отыр. Былайша айтқанда, қазір ұлттық стандарттарды, оның ішінде жол саласындағы стандарттарды әзірлеуге кез келген физикалық немесе заңды тұлғаның қатысуына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде нормативтік құжаттың сапасының төмендеуіне, оның шынайылығы мен жол мекемелері үшін қажеттілігіне әсер етеді.

Жалпы кез келген құрылыс сапалы жобалаудан басталатыны белгілі. Еліміздегі автокөлік жолдары жүйелерін дамыту бойынша ұлттық деңгейдегі міндеттемелерді оңтайлы шешу үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автокөлік жолы саласын нормативтік бақылауға жүйелі ревизия жасау қажеттігіне маңыз беруде.

Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін ҚР ИИДМ министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтына нормативтік базаны қалыптастыру барысында өзгеше тәсіл қолдануды тапсырды. Ұлттық стандартты әзірлеу алдында жан-жақты ғылыми зерттеу жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар зертханалық жұмыстардың нәтижесі, тәжірибелік аумақтар мен пилоттық жобаларға ұзақ уақыт бойғы мониторингінің қорытындысы да назарға алынуы қажет.

Осы тарапта жүргізілген реформаның нәтижесінде жетілдірілген жаңа құрылымдық нормативтік құжат құрылуы тиіс. Ондағы құжаттар саны 50-70-тен аспайтын болады. Жаңа пакетте стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттардың басымдығына айқын шектеулердің енгізілуіне басымдық беріледі. Сондай-ақ жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты құжаттардың оперативтік маңыздылығына да назар аударылмақ.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив