Ақтөбеде пробация қызметтерінің есебіндегі сотталғандар шағын футболдан өткен турнирде жеңіске жетті

Ақтөбеде пробация қызметтерінің есебіндегі сотталғандар шағын футболдан өткен турнирде жеңіске жетті

Актөбе қаласының Астана және Алматы аудандық пробация қызметтері облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, қала жастары және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған жастар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырды. Ақтөбе қаласындағы «Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектептің» спорт алаңында өткен турнирге барлығы 4 команда қатысты.

«Пробация қызметкерлерінің айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – пробация есебінде тұрған жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып, салауатты өмір салтын насихаттау, олардың бос уақыттарын үнемді өткізуге бағыттау»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Турнир қорытындысы бойынша, I орынды Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардан құралған «Астана» командасы жеңіп алса, II орынды  Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардан құралған «Алматы» командасы иеленді. Ал III орынды жастар ресурстық орталығының жастарынан құралған «ЖРО» командасы қанжығасына байлады.

Сондай-ақ, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрлыбек Мусиннің атынан ойында белсенділік танытқан «Астана» командасының қатысушылары «Үздік қақпашы» және «Үздік қорғаушы»  дипломымен марапатталса, «Алматы» командасының қатысушысы «Үздік шабуылшы» дипломымен марапатталды.

Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив