ЖЫЛ СОҢЫНДА ӘКІМНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСЫН ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНДЕ БАҒАЛАЙДЫ

ЖЫЛ СОҢЫНДА ӘКІМНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСЫН ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНДЕ БАҒАЛАЙДЫ

         Ол туралы күні кеше өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысының барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Серікжан Мырзалы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Серікжан Мырзалы хабарлады.

         Ол отырысқа қатысушы мемлекеттік қызметшілерге «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары туралы» Президенттің жарлығымен мемлекеттік органдардың жұмысы жобалық басқаруға көшірілгенін ескертті. Өткен жылдың мамыр айында Үкімет қаулысымен Жобалық басқаруды жүзеге асыру ережесі бекітілді. Мақсаты – мемлекеттік органдарды нақты және өлшемді нәтижелерге қол жеткізу, және жауапкершілікті дербестендіру.

         Барлық мемлекеттік органдар үшін алты негізгі міндетті жобалық бағыттар айқындалған, оның төртіншісі  - №4 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ескерту» үлгілік базалық бағыт.

«Бұны әлдебір жаңа жұмыс деп қабылдаудың және қорқудың қажеті жоқ. Сіздер бұрын істеген жұмыстарыңызды жасай бересіздер, бірақ енді өз жұмысыңыздың әр сатысындағы нәтижелерді жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне салып отыратын боласыз» - деп кездесу қатысушыларына  жұмыстың жаңа форматын түсіндірді Серікжан Мырзалы «Барлық осы жұмыстың бағасы ай сайын, тоқсан сайын және жарты жыл бойынша берілетін болады. Облыс әкімдігі жұмысының жыл сайынғы бағасы Президент әкімшілігіне баяндалады. А.ж. ақпан айынан бастап ҮББ-4 қазірдің өзінде облыстық басқармаларда басталды. 2023 жылдан бастап қала және аудан әкімдіктерінде басталады. 2025 жылдан бастап ҮББ-4 жобалық басқарудан ағымдағы жұмысқа, яғни әдеттегі ахуалға көшеді».

Ол сонымен қатар көптеген жергілікті басшылардың сыбайлас жемқорлықпен күресу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ісі деп қателесетінін атап өтті. Спикердің ойынша мұндай ой мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды тиімді дамытуға кедергі келтіреді, өз кезегінде ол барлық түрлі алдын алу шараларын тиісті түрде қолдануға кедергі келтіреді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив