Жаңадан құрылатын облыс тұрғындарына құжаттарын қайта рәсімдеу қажет емес

Жаңадан құрылатын облыс тұрғындарына құжаттарын қайта рәсімдеу қажет емес

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Жаңа Қазақстан: «Жаңару және жаңғыру жолы» аясында Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құру туралы шешім қабылданды.

Қолданыстағы заңнаманың ережелеріне сәйкес бұл реформалар жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды тіркеу саласында бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеуді талап етпейді.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 6-бабының 2-тармағында елді мекендер атауының, көшелер атауының, сондай-ақ үйлер мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірінің (мекенжайының) өзгеруін, кадастрлық нөмірлердің өзгеруін тіркеу Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын реформалауға байланысты құқық иеленушіге жүктелмейді және өтеусіз жүзеге асырылады.

Осылайша, жаңа облыстардың құрылуы, елді мекендердің қайта аталуы меншік иелерін құқық белгілейтін (мысалы: сатып алу-сату, сыйға тарту шарты, пайдалануға қабылдау актісі, әкімдіктің қаулысы және басқалары) және сәйкестендіру құжаттарына (жер учаскесіне акті, жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт) осындай өзгерістер енгізу үшін тіркеуші органға жүгінуге міндеттемейді.

Елді мекен атауының өзгеруі және жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының басқа да деректемелері (көше атауы, ғимараттың, үй-жайдың реттік нөмірі) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен интеграциялық өзара іс-қимыл шеңберінде «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік дерекқорында автоматты түрде жаңартылады.

«Құқықтық актілер туралы» заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтік құқықтық актілердің кері күші болмайды.

Осыған байланысты заңды тұлғалардың облыстардың, елді мекендердің бұрынғы атауы көрсетілген ресми құжаттары өзінің заңды күшін жоғалтпайды.

Жаңа облыстардың құрылуы құрылтай құжаттарын (жарғыны, сатып алу-сату шарттарын және т.б.), сондай-ақ мөрді қайта ресімдеу жөнінде әділет органдарын хабардар ету жөнінде заңды тұлғалардың өкілдеріне міндет жүктемейді.

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер актілік жазбалармен дәлме-дәл сәйкестендіріліп жазылады. Жергілікті жерлердің атауы сол кезде болған әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкестендіріліп көрсетіледі, ал мемлекеттік тіркеу орны – осы жергілікті жерде қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша қызмет көрсететін тіркеуші орган көрсетіледі.

Құжаттарда елді мекеннің бұрынғы атауын көрсету олардың жарамсыздығына әкеп соқпайды.

Құжаттарды ауыстыру олардың жарамдылық мерзімі өткен жағдайда немесе олар жоғалған жағдайда жүзеге асырылады.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив