Есептегі  сотталғандар теолог мамандармен кездесті

Есептегі сотталғандар теолог мамандармен кездесті

«Ақниет» ақпараттық-насихаттау  және оңалту орталығының  жетекші маманы Ислам Каюпов  пен осы орталықтың теологы Мағжан Өмірбеков қалалық пробация есебіндегі азаматтарды жеке қабылдап,   ақпараттық- насихаттау жұмыстарын өткізді .

Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат-  пробация есебіндегі сотталған азаматтарға жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға  болатындығы  жөнінде  және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы  дәріс беру.

Кездесу барысында  мамандар ғасырлар бойы ұлы даламызда салтанат құрып келе жатқан исламның қадір-қасиеті адамзат үшін басты құндылық екендігін айтып, сотталғандарға дәріс оқып, жеке қабылдау жүргізді.  

Іс-шара барысында теолог маман есептегі  азаматарға  рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігін, дін саласына қатысты қандай да бір ақпаратты  дін саласында оқыған білікті мамандардан сұрау, діни ақпаратты интернеттен қолданар кезде сақ болу керек деді.

Іс-шараның соңында  есептегі азаматтар  аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.

« Бүгінгі шарада  жеке қабылдауында болып, дәріс тыңдай отыра көптеген діни сауаттылығымызды кеңейте алдық. Себебі, теолог маман өзге діни ағымдардың басты ерекшеліктері туралы  ашып түсіндірді. Өте маңызды тақырыптағы дәріс болғандықтан мұқият тыңдап, көптеген мәліметтер алдым»,- деді есептегі азамат. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив