Петропавлда жұмыспен қамту орталығына жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды

Петропавлда жұмыспен қамту орталығына жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды

Петропавлда бірнеше рет пара алу фактісі бойынша Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директорына қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК 200-бабының тәртібінде ұсыным қаралды.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Жарқын Ғалымовтың айтуынша, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару ережесіне сәйкес 29 жасқа дейінгі еңбек жастарына берілуі тиіс жатақханалардағы пәтерлер заңсыз беріліп келген.

«9 ай бойы қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы екі ЖШС өкілдерімен бір топта 5 жыл мерзімге жалға берілетін тұрғын үй ұсынғаны үшін еңбек жастарынан жалпы сомасы 4,4 млн. теңге пара алуды бірнеше рет ұйымдастырды», - деді Жарқын Ғалымов.

Нәтижесінде Петропавл қалалық соты жұмыспен қамту орталығының экс-директорына және пара алу фактілері бойынша басқа да тұлғаларға қатысты айыптау үкімін шығарды. Сот үкімімен сыбайлас жемқорлық схемасының әрбір қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Экс-директор өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның серіктестері, яғни ЖШС өкілдері Д. және Р. ярқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұдан әрі қылмыстың егжей-тегжейіне СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин толығырақ тоқталып өтті.

«Өзінің қылмыстық ниетіне қол жеткізу мақсатында директор өзінің қылмыстық әрекетіне онымен қызметтік қатынастармен байланысы жоқ екі азаматты қатыстырды, олардың рөлі жұмыспен қамту жол картасы және еңбек мемлекеттік бағдарламаларының қолданылу аясына жататын, тұрғын үйге ықтимал мұқтаж адамдарды іздеу және олардан пәтер бергені үшін ақша қаражатын алу болып табылды. Әрбір берілген пәтер үшін бұл топ 200-ден 800 мың теңгеге дейін заңсыз ақы алған. Тергеу кезегінде жалған еңбек шарттарын және әлеуметтік келісімшарттарды ұсыну арқылы 5 адамның пәтерлерді заңсыз алуы фактісі анықталды. Бұл ретте, тұрғын үй алған 2 азамат өтініш беру кезінде 29 жаста болған», - деді Дамир Хабибулин.

Спикердің айтуынша, жылыту маусымынан кейін жастардың тағы 5 өкіліне алдын ала пара алу арқылы, жалға берілетін тұрғын үйді беру жоспарда болған.

Бүгінгі күні тұрғын үйді заңсыз алу үшін ақша қаражатын берген осы қылмыстық схеманың барлық 10 қатысушысы 3-тен 21,3 млн. теңгеге дейін әртүрлі айыппұлдарға сотталды және олардың біреуі 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сондай-ақ, қызметтік тұрғын үйді бөлу жөніндегі тұрғын үй комиссиясының отырысы дормальды түрде өткізілгені, жалға берілетін тұрғын үй алуға үміткер тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналы жүргізілмегені, пәтер кілттері директордың қарауында болғаны, осылайша жалға берілетін тұрғын үй беруде жеке-дара шешім қабылдағаны анықталды», - деді Хабибулин.

Қарау қорытындысы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес пәтер берудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйді бөлу жөніндегі комиссияның құрамына жұртшылықты қоса отырып қайта қарау, бизнес процесті цифрландыру, сондай-ақ отырыстардың онлайн-трансляциясын жүзеге асыру ұсынылды. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив