Облыс аумағындағы эпидемиологиялық ахуал

Облыс аумағындағы эпидемиологиялық ахуал

Пандемия басталғаннан бері Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 26741 жағдайы тіркелді, 2021 жылы 16434 жағдай тіркелді.

2022 жылғы 1 қаңтардан 2 наурыз аралығында КВИ-дің 5298 жағдайы тіркелді.

Соңғы аптада 34 жағдай, ал өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы анықталды.

2022 жылдың 9 ақпанынан бастап эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Жамбыл облысы жасыл аймаққа көшті.

Пандемия басталғаннан бері облыста, бүкіл елдегідей, коронавирустық инфекцияның 5 кезеңдік толқыны байқалды.

Облыста жаңа коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы 2020 жылдың 24 наурызында тіркелді. Осы уақытта ҚР аумағында 2020 жылғы 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Бірінші толқын, 2020 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында болды, ол кезде күн сайын орташа есеппен КВИ ауруының 100 жағдайы тіркелді. Осы кезеңде бүкіл ел бойынша карантиндік шектеу шаралары енгізілді: ҚР Мемлекеттік шекарасын өткізу пункттерінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қатаңдатылды, бір жыл ішінде мектеп оқушыларын онлайн оқыту енгізілді, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы әзірленді.

2 - толқын кезінде 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың ақпанына дейін тәулік сайын аурудың орташа есеппен 70 жағдайы анықталды. Осы кезеңде объектілердің эпидемиологиялық қауіпсіздігін ескере отырып, олардың қызметін шектеу критерийлері әзірленді, карантиндік шаралар Денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені ескере отырып қабылданды, халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау басталды, мониторингтік топтар құрылды.

Үшінші толқын 2021 жылдың сәуір - маусым айларында, күнделікті 150 жағдай тіркеліп отырды. «Ashyq» мобильді қосымшасы енгізілді, оқушыларды аралас оқытуға рұқсат етілді, вакцинация жалғастырылды.

Төртінші толқын 2021 жылдың шілдесінен тамыз айының соңына дейін орта есеппен тәулік сайын 200 адам КВИ жұқтырды. Қызыл аймақта орналасқан өңірлерде шектеу шараларын күшейту шаралары қабылданды, халықты реквацинациялау әзірленді.

2022 жылдың қаңтар-ақпан айларының басындағы бесінші толқын, аурудың 300 жағдайы анықталып ең жоғары шыңына жетті. 2022 жылғы 12 ақпаннан бастап облыста КВИ аурушаңдығының біраз жағдайға дейін төмендегені байқалады. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, карантиндік шараларды барынша жеңілдету, тек қызыл аймақта шектеу енгізілді, ҚР Мемлекеттік шекарасында шектеу шараларын жеңілдету қабылданды, халықты вакцинациялау және қайта вакцинациялау жалғасуда.

Қазіргі медицинаның жетістіктеріне қарамастан, адамзат жұқпалы ауруларды әлі жеңе алмады. Әлемде індеттер, пандемия үнемі пайда болады. Әлемнің кез-келген бұрышында жаңа аурулардың пайда болуы барлық адамдарға қауіп төндіреді. Барлық індеттер мен пандемиялардың салдары адам өміріне кері әсер етуде. Аурулар барлық жерде пайда болуы мүмкін және тез таралады. Бұған Туризмнің белсенді дамуы, көші-қон процестерінің өсуі, жаңадан пайда болған және қайта оралған аурулар санының өсуі ықпал етеді. Өздеріңіз білетіндей, коронавирустық инфекция бір мысал болды.

Пандемия мен эпидемияға инфекциялық қоздырғыштардың тез эволюциясы, адам мен жануарлардың байланыстарының кеңеюі ықпал етеді олар бірқатар инфекциялардың көзі және тасымалдаушысы болып табылады, климаттың ғаламдық өзгеруі, сәтсіздіктер нәтижесінде иммундауға қол жетімділіктің төмендеуі. 1970 жылдан бастап жыл сайын кем дегенде бір жаңа жұқпалы ауру тіркеледі. Бүгінгі таңда, әлемде 1,5 мыңнан астам жұқпалы аурулар мен олардың қоздырғыштары белгілі. Оның ішінде бүкіл әлемде 30-дан астам инфекцияға қарсы әлем елдерінің егу күнтізбелеріне кіретін тиімді және қауіпсіз вакциналар әзірленді. Бүкіл әлемде жаппай вакцинациялау көптеген қауіпті аурулардың туындау жиілігінің төмендеуіне және тіпті оларды жоюға алып келді. Мысалы, бүкіл әлемде шешекті жою, А және В гепатиттерін, қызылшаны, қызамықты, сіреспенің жекелеген жағдайларын 100 еседен астам азайту. Біздің елімізде 20 жұқпалы ауруға қарсы екпе жүргізілуде.

Өткен жылдан бастап, КВИ пандемиясы жалғасуда. Пандемияның аяқталуының жолдары мен басым бағыттарының бірі ұжымдық иммунитетті құру болды. Ол үшін халықтың кемінде 70% вакцинациялау қажет.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталды. Жамбыл облысында КВИ-ге қарсы вакциналау sinovac, Hayat Var, QazVac, ГамКовидВак, Комирнати сияқты вакциналардың бірнеше түрімен жүргізілді. Яғни, біздің тұрғындарда қандай вакцина егуді таңдау мүмкіндігі болды.

Бүгінгі күні, 18 жастан асқан 619 795 адам (100,0%) екі мәрте вакцинациямен қамтылды. Сонымен қатар, 69281 жасөспірім, 2437 жүкті және 5032 бала емізетін әйел екі екпе алды, ал 311 249 адам қайта вакцинацияланды.

Қорытындылай келе, тек вакцинация және жеке және әлеуметтік қауіпсіздік шараларын сақтау короновирустық инфекцияның тұрақтануына әкелді деп айтқым келеді. Алайда, әлемде пандемия әлі де жалғасуда және жауапкершілікті көрсету, дұрыс таңдау және дұрыс шешім қабылдау қажет! Барлықтарыңызды ревакцинациядан өтуге және гигиенаның қарапайым шараларын: бетперде режимін, қол гигиенасын сақтауға шақырамыз.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив