ШҚО әкімі жаппай тәртіпсіздікті жоюға қатысқан жауынгерлердің сауығып кетуін тіледі

ШҚО әкімі жаппай тәртіпсіздікті жоюға қатысқан жауынгерлердің сауығып кетуін тіледі

 

Тәртіпсіздік кезінде полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер қызметтік міндеттерін орындай отырып, жарақат алды.

5 қаңтарда Өскемен қаласының орталық алаңында наразылық басталды. Полиция қызметкерлері қитұрқы қылық білдірушілерге күш пен қару қолданбаған. Алайда, біраз уақыттан кейін бұл нақты белгіленген талаптары бар бейбіт митинг емес екені белгілі болды. Наразылық білдірушілер билік өкілдері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің келіссөздер жүргізу  ұсыныстарын мүлде елемеді. Митингіге шыққандардың арасында болған арандатушылар билік пен күштік құрылым өкілдеріне қарсы құқыққа қарсы әрекеттерге, облыс әкімдігін басып алуға, автокөлікті қиратуға және өртеуге итермеледі. Тәртіпсіздіктерді тоқтату және бейбіт тұрғындарды қорғау үшін полиция қызметкерлері көзден жас ағызатын арнайы газды қолдануға мәжбүр болды.

Алайда кешке алаңға жиналғандар саны арта түсті. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, жалпы облыс орталығындағы тәртіпсіздіктерге екі мыңға жуық адам қатысқан. Олар модульдік полиция бекетін өртеп, жақын маңдағы кафенің терезелерін сындырды. 

Қақтығыс нәтижесінде бірнеше әскери қызметкер жарақат алып, полиция қызметкерлерінің біршамасы зардап шекті. Өскемен әскери бөлімінің екінші атқыштар ротасы бақылаушылар взводының кіші сержанты тыныс алу жолдарының химиялық күйігін алса, ал полиция қызметкерлерінің бірі граната сынықтарымен жараланды. Қазір зардап шеккендер емделуде.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жарақат алған әскери қызметшілерге арнайы барды. Өңір басшысы қызметкерлердің бейбітшілік пен келісімді бұзуға тырысқандарға қарсы төтеп беріп, Отанына алдындағы борыштарын өтеген әрқайсысына алғысын айтты.

Полиция қызметкерінің айтуынша, барлығы өз отанын және Егемен Қазақстан азаматтарын қорғау міндетін атқарған.

- Митингіге шыққандар облыс әкімдігінің жанындағы қоршау арқылы өтіп кеткен соң, мен оларды тоқтата бастадым. Олар граната лақтырды. Бейбіт азаматтарды қорғап, кеудемді оққа тостым", - деді полиция қызметкері.

Өңір басшысы жауынгерлердің тезірек сауығып кетуін тілеп, мінсіз қызметі үшін алғысын білдірді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив