Орталық Азия елдерінің адам құқықтары жөніндегі уәкілдері әйелдер құқықтарын қорғау және гендерлік теңдік мәселелерін талқылады

Орталық Азия елдерінің адам құқықтары жөніндегі уәкілдері әйелдер құқықтарын қорғау және гендерлік теңдік мәселелерін талқылады

2021 жылғы 9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының өңірлік офисімен және Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Моңғолияның ұлттық құқық қорғау институттарының қатысуымен әйелдердің құқықтарын қорғау және гендерлік теңдікті ілгерілету мәселелері бойынша консультациялар өткізді. Консультацияларға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы И.И.Рогов қатысты. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Л.К.Рамазанова Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Олий Мажлистің уәкілі Ф.Ф.Эшматова, Моңғолияның адам құқықтары жөніндегі Комиссиясының басшысы Х.Жаргалсайхан, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі А.Қ.Омаров, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтік емес ұйымдарының басшылары қатысты.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова атап өткендей, адам құқықтары жөніндегі уәкілді қамтитын ұлттық құқық қорғау институттары (кейбір елдерде омбудсмендер, адам құқықтарын қорғаушылар, адам құқықтары жөніндегі Комиссарлар деп аталады) және адам құқықтары, әйелдер құқықтары және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиялар өз елдерінде де, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейлерде де әйелдердің жағдайын тиімді жақсарту мәселелерін ілгерілету бойынша жоғары әлеуетке ие.

Барлық әлемде, жыл сайын 10 желтоқсан Адам құқықтары күні ретінде атап өтіледі. Осыдан 73 жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Жыл сайын бұл күн белгілі бір тақырыпқа арналады. 2021 жылы Адам құқықтары күні «Теңдік» тақырыбына арналды. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 1-бабына сәйкес: «Барлық адамдар еркін және қадір-қасиеті мен құқықтары жағынан тең болып туылады».

Теңдік және кемсітпеушілік қағидаттары, әсіресе әйелдер мен ерлерге қатысты, 1995 жылы БҰҰ-ның Пекиндегі Әйелдер жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференциясында (1995 жыл) қабылданған халықаралық гендерлік теңдік стратегиясын айқын көрсетеді. Халықаралық стратегияда үкіметтер мен ұлттық институттарға мемлекеттік саясаттың барлық салалары мен бағдарламаларында гендерлік аспектілерді есепке алуға жәрдемдесу ұсынылды.

Консультацияларға қатысушылар бірлескен жобаларды іске асыру және әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерін көтермелеу, кемсітушіліктің, ерте некеге тұрудың, зорлық-зомбылықтың алдын алу, өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға көмек көрсету жөніндегі білім беру және әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өңірлік тұрақты кездесулерді жалғастыруға уағдаласты.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Kristine 3 февраля 2024 06:49

    Hey there just wanted to give you a quick heads up. The text in your
    article seem to be running off the screen in Safari.

    I'm not sure if this is a format issue or something to do with internet browser compatibility but I figured I'd post to let you know.

    The style and design look great though! Hope
    you get the problem fixed soon. Thanks

    Feel free to visit my site - Nederland

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив