БАҚ РӨЛІ ANTIKOR ORTALYGY АЛАҢЫНДА АЙТЫЛДЫ

БАҚ РӨЛІ ANTIKOR ORTALYGY АЛАҢЫНДА АЙТЫЛДЫ

Бүгін #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Antikor ortalygy алаңында «Торргеѕѕ.kz» АА директоры, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі Ержан Бағдатов және «Jas Otan» ЖҚ төрағасының бірінші орынбасары Арсланбек Мағзұмның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы журналистердің рөлі тақырыбында тікелей эфир өтті.

Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі қоғамда ерекше маңызды рөл атқарады, оларды көбінесе «төртінші билік» деп те атайды, ақпарат дәуірі келді, онда ақпарат қоғамдық пікірді қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.

БАҚ-тың қоғам өміріндегі рөлін асыра бағалау мүмкін емес, өйткені бүгінде өмірдің кез-келген саласын ақпараттық қатынастарсыз елестету қиын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам алдына қойылатын негізгі міндеттердің бірі-ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы. Бұл жерде БАҚ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде маңызды орын алады - деп атап өтті спикер Ержан Бағдатов.

Қоғамда сыбайлас жемқорлық тәртібіне төзбеушілікті қалыптастыру-сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірінші кезектегі маңызды міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаттың барлық шараларының табыстылығы қоғамның сыбайлас жемқорлықты және оның барлық ықтимал көріністерін қаншалықты төзбейтіндігіне және белсенді түрде жоққа шығаратындығына байланысты.

Ержан Бағдатов халық арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысына жәрдемдесуі туралы айтып, сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі идеямен бөлісті.

Эфир соңында Ержан Амангелдіұлы тыңдаушыларды адал және ашық болуға шақырды сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларды қолдауға дайын екенін білдірді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив