Қазақстандық прокурорлар Еуроодақ өкілдерімен  онлайн-кездесу өткізді

Қазақстандық прокурорлар Еуроодақ өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді

 

2021 жылғы 2-3 желтоқсанда 21.12.2015 жылғы Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру шеңберінде онлайн форматта «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» Адам құқықтары жөніндегі диалог пен Сот төрелігі және құқықтық тәртіп жөніндегі Кіші комитеттің жыл сайынғы отырыстары өтті.

Оған Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, Бас прокуратураның, ішкі және сыртқы істер, ақпарат және қоғамдық даму, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері қатысты.

Іс-шаралардың төрағасы ретінде сөз сөйлеген Бас Прокурордың орынбасары Болат Дембаев бұл алаңның маңыздылығын атап өтті, өйткені адам құқықтары мен бостандықтары біздің Конституциямызға енгізілген негізгі құндылықтардың бірі болып табылады.

Тараптар пенитенциарлық жүйенің қызметін, сондай-ақ ұсталғандар мен сотталғандарды азаптаудың және оларға қатыгездікпен қараудың алдын алу мәселелерін талқылады, ұлттық алдын алу тетігінің іске асырылу барысымен танысты.

Азаматтық қоғамды, әйелдер мен балалардың құқықтарын, сөз және діни сенім бостандығын дамыту туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ, сот-құқықтық реформа, қылмыстық және азаматтық істер бойынша Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы ынтымақтастық, көші-қон, терроризм мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, тараптар қылмысқа қарсы бірлескен күресті құқықтық реттеу үшін қылмыстық сот өндірісі саласындағы Еуропа Кеңесінің Конвенцияларына қосылу туралы Қазақстанның бастамасын талқылады.

«Біз Еуропалық Одақпен халықаралық өзара іс - қимылдың қол жеткізілген деңгейін бағалаймыз және оны барлық бағыттарда одан әрі дамытып, нығайта береміз деп үміттенеміз», - деді Бас Прокурордың орынбасары.

Еуропалық Одақ тарапынан ерекше қызығушылық танытқан жеке тұлғаларға қатысты жеке жағдайлар туралы толық ақпарат еуропалық әріптестерге берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар жүргізіліп жатқан жұмыстар мен реформаларға қанағаттанушылық білдірді, одан әрі өзара іс-қимыл бойынша бірлескен қадамдарды белгіледі, сондай-ақ тиісті Хаттамаға қол қойды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив