«ANTIKOR ORTALYGY» АЛАҢЫНДА ЕЛОРДАЛЫҚ «САРЫАРҚА» АУДАНЫНЫҢ ДАМУЫ

«ANTIKOR ORTALYGY» АЛАҢЫНДА ЕЛОРДАЛЫҚ «САРЫАРҚА» АУДАНЫНЫҢ ДАМУЫ

 

Бүгін #ANTIKOR.LIVE жобасының аясында Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі Есет Байкен және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базиловпен тікелей эфир өтті.

Аудан әкімі «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтаудың және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауының маңыздылығы туралы хабардар етті.

Аудан әкімдігінің барынша ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимылды жақсарту шеңберінде «бюджетке қатысу», «Open-space» сияқты бірқатар жобалар іске асырылуда.

Жалпы, ағымдағы жылы «бюджетке қатысу» жобасы аясында 49 ауланы абаттандыру жұмыстары жоспарланған, оның ішінде бюджеттік қатысу жобасы бойынша 10 аула, жыл сайынғы абаттандыру шеңберінде 30 аула, қалалық басқармалардың күшімен 9 аула жөнделді. Қазіргі уақытта барлық жұмыстар аяқталды, аулалар тұрғындарға пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары қызметінің ашықтығы, қолжетімділігі мен тиімділігіне сәйкес, негізгі назар «Сарыарқа» ауданы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына сапалы және уақтылы мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған.

Сондай-ақ, Есет Байкен механикаландырылған жинау қызметтерін ұсыну бойынша орындалған жұмыстар актісіне қосымшаны тек арнайы техникаға арналған жол парақтары мен талондар ғана емес, GPS-мониторинг жүйесінен алынған ақпарат, сондай-ақ фото және бейне материалдар міндетті деп есептейді.

Кедергісіз кеңістік фронт-офис құрумен қамтамасыз етілген, оның аясында аудан тұрғындары аудан әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша бір жерден ала алады.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің барлық қызметкерлері, басшылық құрамды қоса алғанда, өз қызметін ашық және айқын кабинеттерде жүзеге асырады. Жұмыс кеңістігін ұйымдастырудың бұл түрі мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты азайтуға арналған.

Бұл жұмыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып қана қоймай, аудан халқының сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, әкім аудан аумағында қоғамдық кеңістікті абаттандыру, газдандыру, дезинфекциялау, маңызды нысандар (мектептер, ауруханалар және т.б.) салу, жұмыс орындарын құру, жолдарды жөндеу, жоспарланған маңызды әлеуметтік және басқа да нысандар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Тікелей эфирге сілтеме:

https://www.facebook.com/astana.adaldyq.alany/videos/483406673143631

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив