МИНИСТР А. АЙМАҒАМБЕТОВТІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-ЛАР СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ВАКЦИНАЦИЯНЫ ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫН БАСТАЙДЫ

МИНИСТР А. АЙМАҒАМБЕТОВТІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-ЛАР СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ВАКЦИНАЦИЯНЫ ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫН БАСТАЙДЫ

Қазақстандық жоғары оқу орындары ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша жоо білім алушылары арасында вакцинацияны қолдау акциясын бастайды. COVID–19 індетіне қарсы екпе алған студенттер жоғары оқу орындарының мүмкіндіктеріне байланысты оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктер алып, түрлі сыйлықтарға ие болады.

Осылайша, жоғары оқу орындары халықтың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялау қарқынын күшейту жөніндегі жұмысты қолдайды. Тек студенттер ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарының екпе салдырған оқытушылары да материалдық материалдық ынталандыруға ие болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, М. Әуезов атындағы ОҚУ, М. Өтемісов атындағы БҚУ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті вакцинациялауды қолдау бойынша акцияларды бастап кетті. Бірқатар жоғары оқу орнының студенттері үшін оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктер, сауықтыру шипажайларына тегін жолдамалар, тегін тамақтану және қоғамдық көлікті пайдалану талондары қарастырылған. 

Сондай-ақ жоғары оқу орындары вакцинацияланған студенттер үшін шет тілдері, компьютерлік сауаттылық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытатын тегін курстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар екпе салдырған кейбір университеттердің студенттері фитнес залдарына, бассейнге, театрға, кинотеатрға және концерттерге тегін бара алады.

Аталған жоғары оқу орындарының оқытушылары да назардан тыс қалмады. Вакцинацияланған оқытушылар қосымша ақы немесе ақылы демалыс алады.

«Жоғары оқу орындарын коронавирустың елде таралуы алаңдатып отыр. Вакцинация мәселелері мен оның шешілу жолдарын жоғары оқу орындарының өздері қабылдайды. Министрдің тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындары студенттер мен оқытушыларды вакцинациялауға шақырып, ынталандыру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Бұл акция біздің азаматтардың санасын оятуға көмектеседі деп сенеміз. Біз бірлесе отырып, қауіпті вирусты жеңе аламыз және карантин мүмкіндігінше тез аяқталады деп үміттенеміз. Басқа жоғары оқу орындарын да вакцинацияны қолдау үшін ынталандыру шараларын ұйымдастыруға шақырамыз. Себебі бұл коронавирустың таралуын тоқтатудың жалғыз жолы», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив