ШҚО ҮРЖАР АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН АДАМДАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУДІҢ САРАЛАНҒАН ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

ШҚО ҮРЖАР АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН АДАМДАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУДІҢ САРАЛАНҒАН ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

 

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Маржан Бахытқызы жұмыс сапарымен Үржар ауданына барып, Үржар ауданының активімен кездесу өткізді.

Сапардың негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өз иелігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті құралдардың барлық спектрін алуға мүмкіндік беретін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне енгізілген жаңалықтарды түсіндіру.

Іс – шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Тұрлыбеков, мәслихат хатшысы К. Карашев, аппарат басшысы А. Баймурзаев, құқық қорғау органдары басшылары, дербес бөлім, мекеме басшылары, білім, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері (ZOOM арқылы) қатысты.

Жиын барысында әкімшілік нормалар мен «Шығыс — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мақсат-міндеттері түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты әлеуметтік роликтер көрсетілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды көтермелеудің сараланған жүйесін түсіндірді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ғимаратында орналасқан «Ашық әкімдіктің» жұмысымен танысты. Бұл қызмет «Open space» форматында жұмыс істейді. «Ашық әкімдік» - азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жедел және кедергісіз алуға мүмкіндік береді, ақпараттық ашықтықты, азаматтар үшін мемлекеттік органның есептілігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив