Бүгін «ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында «ADAL KÓMEK» жобасы шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет «МК КЕАҚ» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының фронт - офистерін үйлестіру басқармасының басшысы Айгүл Лепесова сөз сөйледі.

Бүгін «ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында «ADAL KÓMEK» жобасы шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет «МК КЕАҚ» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының фронт - офистерін үйлестіру басқармасының басшысы Айгүл Лепесова сөз сөйледі.

Спикер тікелей эфирде елорда аумағында 6 Халыққа қызмет көрсету орталығы бар екенін айтты: «Есіл» ауданы бойынша 2 бөлім, «Алматы» ауданы бойынша 1 бөлім, «Байқоңыр» ауданы бойынша 1 бөлім, «Сарыарқа» ауданы бойынша 2 бөлім және 2 мамандандырылған бөлім.

Қазіргі уақытта тізімге сәйкес мемлекеттік қызметтердің 80% - ы электрондық түрде, ал 20% - ы қағаз түрінде көрсетіледі.   

Бұдан басқа, электрондық қызметтерді eGov mobile, телеграмм-бот, электрондық портал арқылы алуға болады. 

Халықтың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында азаматтарды қабылдау қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. Ол үшін азаматтар eGov.kz Портал арқылы жазыла алады, телеграм-бот немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шала алады. 

Спикер тікелей эфирде ЭЦҚ 1 жыл мерзімге берілетінін, ЭЦҚ жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде сайтта sms-хабарлама келетінін айтты және ЭЦҚ-ны тағы 1 жылға pki.gov.kz сайтында ұзартуға болады.  

ЭЦҚ eGov.kz Портал арқылы онлайн рәсімдеуге болады, ол үшін компьютер немесе веб-камерасы бар ноутбук, жеке куәлік және мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет.

«Азаматтарға арналған үкімет «МК КЕАҚ» барған кезде азаматтар мемлекеттік қызметтерді ресімдеу кезінде бірден кассаға кезексіз QR-кодты пайдалана отырып, смартфонның көмегімен 1 минут ішінде төлем жасай алады.

Айгүл Лепесова «Азаматтарға арналған үкімет «МК КЕАҚ» қызметкерлері жылжымайтын мүлікті тіркеуді және BI-Group және G-Park компаниясының құрылыс салушылар кеңселерінде шарттар жасасуды жүргізетінін, бұл клиенттердің уақытын едәуір қысқартатынын хабарлады.

Сонымен қатар, өз автомобильдерін онлайн қайта тіркеген автокөлік иелеріне, пайдаланушыға үйге жаңа құжаттар мен нөмірлік белгілерді жеткізу сервисі туралы айтты, жеке деректерді және жаңадан алынған құжаттар туралы ақпаратты eGov.kz сайтында, сондай-ақ жеткізу мекен-жайын көрсету қажет.

Сондай-ақ, спикер автокөлікті онлайн қайта ресімдеу мүмкіндігі енді eGov.kz порталда ғана емес және Kaspi.kz. мобильді қосымшада екенін айтты.

Тікелей эфирде Айгүл Лепесова әлеуметтік желі пайдаланушыларын азаматтарға белгілі бір төлем үшін қызмет алуды ұсынатын бөгде адамдардың қызметіне жүгінбеуге шақырды. Бұл тұлғалардың «Азаматтарға арналған үкімет «МК КЕАҚ» қызметіне ешқандай қатысы жоқ.

Осындай күмәнді азаматтарға жүгініп және ЭЦҚ бере отырып, сіз алаяқтардың құрбаны бола аласыз, сондықтан қызметтерді онлайн алуды ұсынамыз.

Егер сізде проблемалар туындаса, 1414 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласыңыз - деп хабарлады спикер.

Қазіргі уақытта 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

Жоспар тармақтарының бірі QR-коды бар «Азаматтарға арналған үкімет «МК КЕАҚ» барлық ғимараттарында орналасқан сенім телефонын құру көзделген.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив