Білім туралы құжаттардын төлнұсқасын онлайн алуға болады

Білім туралы құжаттардын төлнұсқасын онлайн алуға болады

Еліміздегі жағдайға байланысты мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі қашықтан көрсетіле бастады.

Дегенмен, әлі де қағазбастылыққа салынып, қажет құжатын алу үшін уақыт кетіретін азаматтар бар. Тұрғындардың көпшілігі электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіріп, онлайн қызмет алуды қиынсынады. Біз бүгін азаматтарға осы «қиындықтың» оңай әрі жылдам шешілетін жолы туралы айтпақпыз.

Мобильді азаматтар базасы — eGov қызметтерін пайдаланушының жеке мәліметтері жинақталып, сақталатын база. Азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі базаға енгізілген телефон нөмірімен байланысты болады. Сәйкесінше, базаға тіркелген азаматтар eGov-тың мобильді қосымшасы мен Telegram бот арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн ала алады. eGov порталына ЭЦҚ-сыз бір реттік пароль арқылы кіре  алады.

Келесі нұсқаулық арқылы базаға қалай тіркелуге болатынын және осы әрекеттерді жасау арқылы Сіз онлайн түрде, ыңғайлы әдіспен уақытыңызды жоғалтпай мемлекеттік қызметті ала аласыз. 

  • е.gov порталына  немесе 1414.kz бірыңғай байланыс орталығының сайтынакіріп, оң жақ төменгі бұрышта жасыл түстегі «Виртуалды ассистент» қызметін таңдаңыз;
  • бейнеқоңырау батырмасын басыңыз;
  • интернет-браузер параметрлерінде бейнекамера мен микрофонға рұқсат беріңіз;
  • байланысқа шыққан операторға жеке куәлігіңізді көрсетіңіз;
  • ЖСН нөміріңізді, телефон нөміріңізді, телефонға келіп түскен бір реттік кодты айтыңыз.

Сондай-ақ, ЭЦҚ көмегімен еGov порталындағы жеке кабинетке кіріп, "Телефон" деген жерге мобильді телефон нөмірін жазып та тіркелуге болады.

Базаға тіркелген азаматтар eGov порталынан 120-дан астам мемлекеттік қызметті ЭЦҚ-сыз бір реттік құпия сөз (SMS код) арқылы ала алады.  Telegram ботынан 26 қызметті, Facebook және Vkontakte әлеуметтік желілері арқылы анықтама, ЭЦҚ-ны онлайн, ХҚКО-да немесе портал арқылы рәсімделген құжаттардың дайындығы туралы SMS хабарламалар сондай-ақ, кез келген құжаттың телнұсқасын соның ішінде мектепті бітіргеніңіз туралы аттестаттың не оқу орны дипломының телнұсқасын алуға болады. Аталған мемлекеттік қызмет түрін алу үшін: 

  • Ең алдымен порталға кіріп, іздеу жолы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» қызметті табамыз. Қызметке онлайн тапсырыз береміз.
  • Бірінші қадамда өзіңіз туралы мәліметтерді қайта қалпына келтіретін құжаттың түрін таңдаймыз.
  • Оқу орны жайлы мәліметтерді ұсынылған нұсқалардан «қосу» батырмасын басу арқылы көрсетеміз.
  • Екінші қадамда ЭЦК арқылы өтінішке қол қоямыз.
  • Қызмет нәтижесін жеке кабинетімізде аламыз.

Мобильді азаматтар базасында тіркелген көрсетілетін қызметті алушылар порталдың барлық қызметтері мен сервистерінен бөлек egov.kz мысалы, Egovkzbot2.0 және egov mobile бот Telegram мобильді қосымшаларының көмегімен ЭЦҚ немесе анықтамалар алу, сонымен қатар проактивті қызметтерді де ала алады. 

 Г.Ж.Мурзабекова

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Ақтөбе облысы бойынша департаментінің

мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау

басқармасының бас маманы                                                             

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив