Жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау шаралары АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаға енгізілетін болады

Жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау шаралары АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаға енгізілетін болады

 

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуеті зор. Сондықтан оларды назардан тыс қалдырмау қажет

Статистика бойынша Қазақстандағы сүттің 75%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Алайда, логистиканың және орталықтан сатып алудың жоқтығынан, сондай-ақ сақтау, бастапқы өңдеу, азықпен қамтамасыз ету және айналым қаржысының жетіспеушілігіне байланысты ЖҚШ (жеке қосалқы шаруашылықтардың) өнімінің аз ғана көлемі қайта өңделеді.

Осы мәселені шешу және ЖҚШ-дың мүмкіндіктерін шоғырландыру үшін Президенттің тапсырмасымен кооперация арқылы ауыл тұрғындарының табысын ауқымды және тиімді арттыру бағытында Жамбыл облысында пилоттық жоба іске қосылды. Үкіметтің жобалық кеңсесінің салалық менеджерлері қазіргі уақытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуы арқылы кооперативтерді құруды тікелей қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау бойынша модельдерді пысықтауда.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» жөніндегі Ұлттық жобаның тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Үкіметтің жобалық кеңсесінің тәжірибесі қолданылатын болады.

Анықтама:

2019 жылы республика бойынша сүт өндірісінің жалпы көлемі 3,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтардағы сүт өндірісі 3 млн. тоннаны құрады (сүт өндірісінің жалпы көлемінің 76%).

Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша шекілдеуікті және сүйекті жемістер өндірісі 278,7 мың тоннаны, ЖҚШ-да 96,4 мың тонна (34,6%).

Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша жидек дақылдарының жемістерін өндіру көлемі 22,3 мың тоннаны, жеке қосалқы шаруашылықтарда - 20,5 мың тонна (92%) өндірілген.

Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша жаңғақтар өндірісі 3,8 мың тоннаны, жеке қосалқы шаруашылықтарда - 2,8 мың тоннаны (73%) құрады.

Өткен жылы 4,3 млн тонна көкөніс өндірілді, оның ішінде ЖҚШ-да 1,6 млн тонна (37,2%).

Республикада 3,9 млн тонна картоп өндірілді, оның ішінде ЖҚШ-да 2 млн тонна (53,2%).

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив