«Жолда қабылдау» акциясы жаңа форматта жалғасуда.

«Жолда қабылдау» акциясы жаңа форматта жалғасуда.

 

2019 жылдың 20 және 21 желтоқсанында Жамбыл облысының аумағында «Жолда қабылдау» және «Аулада қабылдау» республикалық акциясы жаңа форматта өтеді. Екі күн ішінде полиция қызметкерлері фронт-кеңселерінде, модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттерінде және учаскелік полиция пункттерінде азаматтарды қабылдайды. Тұрғындар сұрағына Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Б.Үдергенов жауап береді. Әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметінің қызметкерлері барлық тұрғындарға әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдарды төлеу, көлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол белгілерін орнату, азаматтық пен мекенжайға тұруға рұқсат алу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу, учаскелік полиция инспекторларының, жол-патрульдік қызметінің, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың қызметі және басқа да мәселелер бойынша түсініктер береді.

Жамбыл облысының Полиция департаментінде қандай да бір себеппен науқанды өткізу орындарына бара алмайтын тұрғындар үшін «шұғыл желі» телефоны жұмыс істейді: 8 (7262) 99 78 38.

 

Тараз қаласында 2019 жылдың 20 мен 21 желтоқсан аралығында «Жолда қабылдау» және «Аулада қабылдау» акциясын өткізу орындары.
1) Жамбыл облысы ПД фронт офисі, мекен-жайы Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 80;

2) Тараз қ. ПБ фронт офисі, мекен-жайы Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі №5 а;

3) Тараз қ. ПБ 1-ПБ фронт офисі, мекен-жайы Тараз қаласы, Пушкин көшесі №43;
4) Тараз қ. ПБ 2-ПБ фронт офисі, мекен-жайы Тараз қаласы, Абай көшесі;

5) №1, №2 модульдік посты, мекен-жайы Сулейманова көшесі «Жастар» аллеясы, Тараз қ. ПБ №15 УПП әкімшілік аумағы;

6) №3 модульдік посты, мекен-жайы Қазыбек би көшесі «Қ.Рысқұлбеков» атындағы саябақ, Тараз қ. ПБ 1-ПБ №17 УПП әкімшілік аумағы;

7) №4, №5 модульдік посты, мекен-жайы Қ.Тұрысов көшесі «Б.Момышұлы» атындағы саябақ, Тараз қ. ПБ №3 УПП әкімшілік аумағы;

8) Тараз қ. ПБ №1 УПП, мекен-жайы «Аса» мөлтек ауданы, №24 үй;

9) Тараз қ. ПБ 2-ПБ №21 УПП, мекен-жайы Д.Бедный көшесі, №92 үй;

10) Тараз қ. ПБ №12 УПП, мекен-жайы «Астана» мөлтек ауданы, №12 үй;

11) Тараз қ. ПБ 2-ПБ №25 УПП, мекен-жайы Байзақ батыр көшесі №236 үй.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив