Үш мыңнан астам жалған техникалық байқаудың күші жойылады

Үш мыңнан астам жалған техникалық байқаудың күші жойылады

Техникалық байқау ережелерін бұзу фактілері анықталған үш мыңнан астам диагностикалық карталардың күші жойылады. Тәртіп бұзушыларға 1414 нөмірінен қайтадан техникалық байқаудан өту қажеттілігі туралы SMS хабарламалар жіберіледі.

 Жұмыс тобының қатысуымен жүргізілген диагностикалық карталардың мониторингі (2023 жылғы 4 шілде мен 3 қазан аралығында) нәтижелері бойынша көлік құралдарын жалған техникалық байқаудан өткізу белгілері бар 3324 диагностикалық карталарда фотосуретті өңдеу белгілері бар бұзушылықтар анықталды (1-сурет).

Енді алдағы күндері көлік құралдарын міндетті техникалық тексеруді ұйымдастыру және өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес бұл карталардың күші жойылады. Бұдан кейін цифрлық құжат eGov mobile мобильді қосымшасында да көрсетілмейді. 

«Өздеріңіз білетіндей, 4 шілдеде заң жүзінде жалған техникалық байқаудың күшін жою туралы өзгерістер енгізілген Ережелер күшіне енді. Жақын арада Көлік комитетімен сол техникалық байқау ережелерін бұзғандардың құжаттарын жою шараларын қабылдаймыз. Осындай шаралардан кейін азаматтар техникалық байқауды «сатып» алмайды, керісінше оларды заңды түрде өтеді деп сенеміз. Өйткені жолдағы адамдардың қауіпсіздігі мен өміріне бірінші кезекте жүргізушілердің өздері жауапты»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ростислав Коняшкин.

Қазіргі уақытта «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне 820 техникалық байқау операторы қосылған. «Техникалық байқау» БАЖ операторы аптасына кемінде екі рет жүйеге келіп түскен деректердің объективті мониторингін жүргізеді, көлік саласындағы салалық бірлестіктер мен ұйымдар арасынан, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдерінен жұмыс тобын құрады.

ҚР ИИДМ 2023 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығына сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің Операторы болып белгіленді. Сондай-ақ, Үкімет қаулысына сәйкес «Техникалық байқау» БАЖ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның маңызды нысандарының тізіміне енгізілді.

«ҰАТ» АҚ

Қоғаммен байланыс басқармасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив