«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қызметкерлерінің 20%-дан астамы қайта екпе алды

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қызметкерлерінің 20%-дан астамы қайта екпе алды

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 13 мың қызметкері немесе жалпы адам санының 20 пайыздан астамы коронавирус індетіне қарсы ревакцинациядан өтті. Қызметкерлердің 52 мыңнан астамы вакциналаудың толық курсын (80%) алды.

Бұдан бөлек, жекелеген мекемелерде қайта вакцинацияландырылған қызметкерлер саны 60%-дан асады, оның ішінде KPI Inc. кәсіпорнында - 61%, «Қазақойл Ақтөбе» - 64%, Caspi Bitum – 72%, Атырау мұнай өңдеу зауытында - 76%, «Қазгермұнайда» - 83%, Павлодар мұнай-химия зауытында - 86%.

Өткен жылы вакцинация науқанының арқасында "ҚазМұнайГаз" компаниялар тобында ұжымдық иммунитет қалыптасты. Бұл қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде маңызды элементтің бірі.

«Профилактикалық егулерді алу әлі күнге дейін инфекциядан қорғаудың және аурудың асқыну қаупін төмендетудің ең дәлелденген және тиімді әдісі болып табылады. Ұжымдық иммунитетті одан әрі қолдау үшін біз қызметкерлерді қайта вакцинациялау бойынша жұмыс жүргізудеміз», - деп атап өтті ҚМГ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов.

Еске сала кетейік, компания тарапынан қайта вакцинацияландыру үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтсақ, өндіріс орындары мен кеңселерде екпе салдыру пункттері ұйымдастырылған, ревакцинациядан өткен қызметкерлерге қосымша екі ақылы демалыс күні беріледі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив