Ақмолалық мемлекеттік қызмет департаментінде  ашық есік күні өтті

Ақмолалық мемлекеттік қызмет департаментінде ашық есік күні өтті

Ашық есік күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің және Гуманитарлық-техникалық академияның студенттері келіп, Департаменттің әрбір құрылымдық бөлімшесінің қызметімен, оның ішінде мемлекеттік қызметке түсу тәртібімен танысты.

Іс - шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, ашықтықты арттыру, департаменттің ішкі қызметімен таныстыру.

«Мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне қалай түсуге болады?», «Үміткерлерге қандай талаптар қойылады?», «Тестілеуден қалай және қайда өту керек?» - келушілердің осы және басқа да сұрақтарына толық жауаптар берілді.

 Айта кету керек, Департамент барлық азаматтар үшін барынша ашықтықты және қолжетімділікті қамтамасыз ететін «Ореп Space» форматында жұмыс істейді.

Сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды. Студенттер мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламалары мен шарттары туралы толық ақпарат алды, кітапханаға және аудиовизуалды-интерактивті мультимедиа жүйелерімен жабдықталған оқу аудиторияларының жұмысымен танысты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив