Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдануда

Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдануда

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус індетіне байланысты карантиндік шаралар жарияланған күннен бастап тұрмыстық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар легі полиция қызметкерлерінің  басты назарында. Бұл өзекті мәселе пандемия кезеңінде жабық кеңістікте қалған әрбір отбасыға әрқалай әсер еткені белгілі, – деді ПД қызметкері Ақмарал Жанисова. Облыстық әйелдер жұмысы және отбасы-демографиялық саясат комиссиясының кеңейтілген отырысы 25 қараша мен 10 желтоқсан өткізіліп жатқан “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясына орай ұйымдастырылды. Аталған акцияның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты таныстыру болып табылады.

Бұл іс-шараға облыстық мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жұртшылық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылып отыр. Сондай-ақ облыс көлемінде 115 учаскелік полиция инспекторы мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау топтарының инспекторларынан құрылған 25 мобильдік топ үкіметтік емес ұйымдардың еріктілерімен бірге автобекет, дүкендер, екінші деңгейдегі банктер, дәріханалар мен сауда орындарында, ойын-сауық орталықтарында, емханаларда 2 365 буклет пен жадынама таратты. Сонымен қатар, облыстық Полиция департаменті мен қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтармен қоғамда отбасының рөлін нығайту бойынша әңгімелесулер өткізілуде. Акция шеңберінде облыстық, қалалық, аудандық жергілікті полиция қызметі қызметкерлері  барлығы 47 іс-шара ұйымдастырды, олардың ішінде алты флеш-моб бар, сондай-ақ ZOOM платформасы арқылы 13 бейне-конференция өткізілді.

Акция барысында сенім телефондары арқылы кеңес беру және отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы мәселелерді түсіндіру бойынша “Жедел желілерге” түскен 41 қоңырауға 17 құқықтық кеңес, 24 психологиялық көмек берілді, 17 азаматшаның арызы бойынша заңда көрсетілген талаптарға сай процессуалдық шешім қабылданды. ҚАПБ учаскелік полиция инспекторлары акция кезеңінде тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, ІІО профилактикалық есебінде тұрған, оған қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған және сотпен мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдардың белгілеген шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылды. 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив