Ірі көлемді қарызды өндіру туралы талап медиациямен шешілді

Ірі көлемді қарызды өндіру туралы талап медиациямен шешілді

Даулар мен қақтығыстар – біздің өміріміздің: отбасында, еңбек ұжымында, серіктесімен, сөзсіз бөлігіне айналды. Ал қақтығыстан ең аз шығынмен қалай шығуды білетіндер саны аз. Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибе «жұмсақ» тәсілдердің бірі ретінде – медиацияны ұсынады және ол Орал қаласының №2 сотында белсенді қолданылады.

Осылайша қарызды өндіріп алу туралы талап және несиелік келісім мен қолхатты жалған деп тану туралы қарсы талап бойынша тағы бір азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды.

«А» талап арызбен ЖШС-не қатысты келісімшарты бойынша қарызды және 100 млн.теңгеден астам қолхат бойынша қарызды өндіріп алу туралы сотқа жүгінді, өйткені жауапкер көрсетілген мерзімде қаражатын қайтармаған. Жауапкер ЖШС талапкердің талап арызымен келіспеді және несиелік келісім мен түбіртекті алаяқтық деп тану туралы қарсы талап қойды.

Сот отырысында тараптар дауды сот медиациясы арқылы реттеу туралы келісім жасасты және сотқа оны бекіту, іс жүргізуді тоқтату туралы өтінішпен жүгінді, оның талаптары бойынша жауапкер мен талапкер талаптардан бас тартты. ЖШС 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін талап қоюшы «А» пайдасына қарыз шарты бойынша 48 миллион теңге қарызды бөліп төлеуге міндеттеме алады: 2020 жылдың 16 қарашасына дейін - 8 миллион теңгесін, 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін - 40 миллион теңге.

Осы азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Сонымен қатар, талапкерлерге бюджеттен жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам төленген мемлекеттік баж сомалары қайтарылды.

Олеся Ташимова

Орал қаласының №2 сотының бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив