Сотты құрметтемесеңіз, әкімшілік жауаптылыққа тартыласыз!  Жалпы, сотты құрметтемеушілік дегеніміз не?

Сотты құрметтемесеңіз, әкімшілік жауаптылыққа тартыласыз! Жалпы, сотты құрметтемеушілік дегеніміз не?

 

Өркениетті елдерде небір шиеленіскен күрделі даудың соңғы нүктесін сот қояды. Сондықтан да сотқа қойылатын талап та жоғары болуы тиіс. Әдетте, көп жағдайда дауласушы тараптар қалай болғанда да жеңіп шығуды көздейтіні, өзінің айтқан уәждерін дұрыс, ал басқа тараптардың уәждерін бұрыс деп санайтыны белгілі.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» демекші, ешкімге бұра тартпай әділін айтқан судьяны жеңілген тарап та, оның жақтастары да жақтыра бермейді. Тіпті, кейде сот залында судьяның айтқан ескертулеріне құлақ аспай, дауыс көтеріп, айқай-шу шығарып, соңы күтпеген оқыс оқиғаларға ұласатын жағдайлар да кездесіп жатады. Сондай-ақ, тағайындалған сот процестеріне кешігіп келу, дәлелді себептерсіз қатыспау, сот процесінде белгіленген тәртіпті сақтамай заңға қайшы іс-әрекеттер жасау, тағы да басқа осы тәріздес әрекеттерді тізбелеуге болады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабында сотты құрметтемеушілік үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылған. Осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) – ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.  Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Мәселен, таяуда аудандық сотпен ішімдік ішкен күйінде жолдасына себепсіз тиісіп, лас сөздермен балағаттап, айқай шығарып, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ іс-әрекеттер жасап, жанұя шырқын бұзғаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралған болатын. Аталған істі қарау барысында құқық бұзушы төрағалық етуші судьяның ескертулеріне бағынбай, сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) тәулікке әкімшілік қамаққа алу әкімшілік жазасы қолданылды.

Тұжырымдай келе, Республикамыздың атынан билік айтатын сотты құрметтеп, уәждеріне құлақ асып, сөзге тоқтап, заңға бағынып, сыйлай білу – әр адамның мәдениетінен де хабар беретіндігін айтым келеді..

 

Б.А.Баимбетов

Мұғалжар аудандық сотының аға сот приставы                                          

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив