Ювеналды соттың психологы «Отбасындағы агрессия: агрессор және жәбірленуші» тақырыбындағы авторлық оқыту семинарына қатысты

Ювеналды соттың психологы «Отбасындағы агрессия: агрессор және жәбірленуші» тақырыбындағы авторлық оқыту семинарына қатысты

Орал ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, отбасындағы агрессивті мінез-құлық проблемаларымен жұмыс жасайтын мамандардың қатысуымен «Отбасындағы агрессия: агрессор және жәбірленуші» тақырыбында үш күндік авторлық оқыту семинары өткізілді.   Бұл семинарға БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының психологі Салтанат Жапакова қатысты.

Авторлық семинарды «Адиктология және психикалық денсаулық сақтау ғылыми-зерттеу практикалық орталығы» қоғамдық бірлестігінің психология мамандары Куралай Алина мен Наталья Фесенко өткізді (Павлодар қ.)

Семинардың мақсаты: Жұмыс тобының мүшелері мен отбасылардағы агрессивті мінез-құлық проблемаларымен жұмыс жасайтын психологтарды оқыту.

Қатысушылардың пікірінше мұндай семинарлар мамандар үшін өте маңызды. Өйткені психологтардың  өздерінің күнделікті қызметіне басқаша және жаңашыл көзқараспен қарауына үлкен себеп болады.

Семинарға қатысушылар түрлі кәсіби салалардың өкілі болып табылады, олар үшін бұл жаңа дүниелер үйренуге, тәжірбие алмасуға, өз тәжірбиелерімен пікір алмасуға үлкен әсерін тигізеді.

Осындай семинарлар тұрақты түрде өткізілсін деген жылы тілектер айтылды.

Ювеналдық сотының психологі өзінің үйренген бар жаңа дүниелерін, білімін өз жұмысында ата-аналармен, кәмелетке толмаған балалармен жұмыстану барысында қолданатынын және жаңашылдықтың өз жұмысында үлкен септігін тигізетінін айтып өтті.

Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив