Қару ұрлап, бас бостандығынан айырылып қамауға алынды

Қару ұрлап, бас бостандығынан айырылып қамауға алынды

 

Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылының  тұрғыны М.Т. есімді  азамат 2017 жылдың 8 шілдесі күні сағат 21.00 шамасында осы ауылда тұратын Б есімді жігіттің үйіне қонаққа барады. М.Т. қонақта отырып сағат 03.30 шамасында, со үйде қонақта отырған А. есімді азаматты сыртқа шақырып алады да, оған «Әбимен сөйлесу керек» - деп айтып, А.К-тің үйіне бірге барып келуін сұраған .

 Ал қонақта отырған А.Т.-ға бірге баруға келіседі. Содан екеуі  А.К-тің үйіне келіп, М.Т. өзінің ойында жүрген жоспары туралы АТ.-ға ештеңе айтпай, оны сыртта қалдырып, өзі үйдің сыртқы есігі ашық тұрғанын байқап,   үйдің ішіне кіретін есікті қатты тартып қалғанда есік ашылып кеткен соң, үйдің ішіне кіріп, кіші бөлмедегі кереует астындағы дара ауызды мылтықты ұрлап алып шығады да, үйлердің артқы жағымен өтіп, А.Т.-ның қорасына кіріп, соңғысына «осы жерге тастап кетейік» - деп айтып, атыс қаруын көрінбейтіндей етіп күбір астына тығып кетеді.

 2017 жылдың 23 шілдесі күні қаладан ауылға келген кезде Кабиев  диван астындағы мылтығының жоқ екенін көріп, аудандық полиция бөліміне арыз жазады.

 Осы оқиғадан кейін, М.Т. өзінің отбасымен Ақтөбе қаласына кетіп қалады. Содан тамыз айының аяғында ауылға келген кезде аудандық полиция қызметкерлерінің іздегенін және қасында болған А.Т-тің үйін тінтігенін естиді. Ал ұрлық жасаған М.Т. бұрын сотталғандықтан қорқып мылтықты жасырмақшы болады.  М.Т. ұрлап алған мылтықты жасыру мақсатымен Мұратсай ауылының шетіндегі су каналының қасына апарып, тереңдігі   1 метр жерге шұңқыр қазып, көміп тастайды.

Біраздан соң М.Т. өзіне қатысты іздеу жарияланғанын естіп, 2020 жылдың 13 маусымында өзінің кінәсін мойындап аудандық полиция бөліміне өз аяғымен келіп, жасаған ісін мойындап айтып береді.

М.Т.-ға қатысты қылмыстық іс 2020 жылдың 24 шілдесінде Бөкей ордасы аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 291-бабының  1-бөлігімен айыпты деп танылып, қылмыс жасаудағы кінәсі толықтай  дәлелденді.

Сот сотталушыға  жаза тағайындау барысында осыдан 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына, яғни аса ауыр қылмысы үшін сотталғанын ескере отырып,  оған 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы М.Т.-ты сот залынан қамауға алып, жазаны өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

 

Зияш Зайнуллина

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі                                        

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив