Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы

Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы

 

Қазақ тілі – Қазақстанның титулды ұлты қазақтар үшін ата-баба тарихымен бірге жасасып, тіл өзінің ішкі этникалық бол­мыс-бітімімен, тілдік заңды­лық­тарымен ерекшеленетін, бірнеше ғасырлар бойы атадан балаға (жас, жыныс, сенім, кә­сіп, әлеу­меттік жағдай айырмасына қа­рамай) мирас ретінде беріліп, үздіксіз жалғастырушы қарым-қатынас құралы қызме­тін ат­қарған қазақ халқының төл ана тілі.

Қазақ тілі – Қазақстан Рес­пу­бликасының Консти­туция­лық мәртебесі бойынша, Қаз­ақстан халқын топтас­тырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілі.

Қазақстанда тіл мәселесі ту­ралы айтылып жатқан уақыт өлшеміне келсек, 25 жыл аз уа­қыт емес. Осы жылдар бойы қа­зақ тілі саласы салыстырмалы түрде айтсақ, үлкен жетістік­ке жетті деу қиын. Қазақ тілі жап­пай қолданысқа енбеуінің бір жағы әлемдік тәжірибелердің ескеріл­меуі деуге болады. Мәселен, өздері саны аз, 48 % ғана және көпұлтты, көп­кон­фессиялы Малазия егемен­дік алған соң 10-15 жыл ішінде малай тілінің мәр­тебесін мем­лекет­тік және ұлт­аралық тілге көтерген. Себебі, жоғары билік­те отыратындардың мемлекет тілінде сөйлеуіне баса назар аударған, талап еткен. Бұл ретте, Қазақстанда биліктегі қызмет­кер­лердің тілін дамыту, еркін сөйлеуге дағдыландыру, мем­ле­кеттік тілдің қадір-қа­сиетін жете таныту мақсаты батыл түрде қойылса деген ой тіл жана­шырларын ғана емес, әр қазақты мазалайды.

Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп атап көрсетті. Және 2025 жылға қарай, қазақстандықтардың 95 % қазақ тілін білуі тиіс.
Бұл міндет барлығына үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы орайда, мемлекеттік тіл саясатын іске асыру біраз жауапты жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Сондай жұмыстардың ең басында тұрған мәселе – әр қазақстандық азаматтың тілге деген жауапкершілігін  барынша терең түсінуі.

Мемлекеттік қыз­меттегі, ұлттық компа­ния­лар­дағы басшы  қызметкерлер  түгел дерлік мемлекеттік тілді білсін деген талап қойылуы керек еді. Мемлекеттік қызмет­шілер қазақша сөйлемей, ұлт тілінің көсегесі көгермейді. Мем­ле­кеттік қызметшілер халықпен жұмыс істейтін түрлі  мамандар. Олар бұқарамен орыс тілінде сөйле­генді жөн көреді.
Мемлекеттік тілді қарым-қатынас тілі ғана емес, Қазақс­тан мемлекетін дамытушы бір­ден-бір фактор ретінде түсіне білуі тиіс. Бүгінгі таңда қазақ тілінің бай қоры, тілдің қуаты, оның ішкі мүмкіндіктері тұ­тынушының тілдік  сұранысын толық қанағаттандырады деуге келмейді.

Қазақ тілі, әсіресе, жаратылыстану ғылымы мен медицина салаларында және аударма қызметін атқаруы бәсеңдеген жоқ. Оның үстіне орыс тілінің  белсенді қолданы­луы ресми іс-шаралар мен жиындардан қатты байқалады.  Ал жазбаша толтырылатын құжат­тардың барлығы демесек те, мәселен, келісім-шарт іс-қағаз­дары, экономикалық есеп-қи­сап­тар, т.б. толып жатқан жазба нысандары әлі күнге дейін орыс тілінде дайындалады және қазақ тілінің қарқынды дамуына кедергі келтіріп, кері әсерін тигізіп отырғаны шындық.

Әрбір ұлттың басты құн­дылығы саналатын мемлекеттік тілдің заңмен әдіптелуі, нормалар мен ережелердің бекітілуі бар да, оның жұмсалуы, күнде­лік­ті қолданыста қажеттіліктің туғызылуы бар. Біздің бүгінгі қоғам осы екеуінің екі басқа жағ­дай екенін нақты көрсетіп отыр. Бір қарағанда заңмен бел­гі­ленген мемлекеттік тіл бар, оның даму жолын қарастыратын жақсы бағдарламалар да жеткі­лікті, екінші жағынан оның күн­делікті қолданыс аясының тарылуы бар ма? Бар. Жауырды жаба тоқығанмен, бұл күнделікті елдің көзі жетіп жүрген нақты жағдай. Ғасыр басында жап-жақсы басталған іс-қағаздарын қазақша жүргізу мәселесінің өзі бірте-бірте сұйылып, қайта орысшаланып бара жатқанын ел көріп отыр.

Мемлекеттік қызмет сала­сындағы қазақ тілінің ахуалы сырттай қарағанда жақсы болып көрінеді. Өйткені, мекеме басшылары қазақша жүргізілетін іс-қағаздарының пайыздық көр­­сет­кіштері жоғары деп есеп береді. Алайда, мемлекеттік органдар қызметшілері көбінесе орыс тілділер екені жасырын емес. Басқосу жиындарында оқыла­тын баяндамалар орысша дайындалып, орысша оқитын­дары теледидардан да көрінеді. Мем­ле­кеттік тілдің құқықтық мәр­те­бесін мойындағысы кел­мейтін немесе оның қоғамдық қызме­тінің өркендеп дамуына кедергі жасап, немқұрайдылық танытатын мекемелер мен ұжым­­дар, лауазымды тұлғалар баршы­лық.

Қай мекеменің болмасын кіріс-шығыс құжаттарына үңіл­сеңіз, орыс тіліне басымдық бе­рі­ліп отырғанын байқайсыз. Бұл олар­дың тілге деген құрметі мен ұста­ны­мынан хабар беретін бірден-бір көрсеткіш екені де рас. Мем­ле­кеттік тіл мәртебесіндегі қазақ тілі тәуелсіз елімізде неге екінші орынға түсіп, аударма тіл дәреже­сіне түсіп қалды?

Шынында «Мемлекеттік тіл мәр­тебесіндегі қазақ тілі тәуел­сіз елімізде неге екінші орынға ысырылып, аударма тіл дәреже­сіне түсіп қалды?»              Себебі, туған тілі­мізге қатысты орыс тілді қазақ­тарды намыс пен патриот­тық сезім мазаламайды.

Осыдан біраз жыл бұрын мем­лекет­тік тілдің даму бағытын білу үшін ғылыми зерттеу аясында сауалнамаға орыс тілді қазақтар таңдалған.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясына байланысты сауалнама 1000 адамға жүргізілген.

Жүргізілген сауал­на­маның нәтижелерін көрсек. Мемлекеттік тілді білмеу се­бе­бінен қиындықтарға сауал­на­маға қатысушылардың көпшілігі тек қана іс-қағаздар жүргізу ісінде ғана тап болатынын айтқан. Іс-қағаздар ісін жүргізу бойынша оқулықтардың, оқыту-әдістемелік құрал­дар­дың,  әдебиеттің жеткіліктілігіне қа­рамастан, сауалнама қатысу­шылары әлі де оқыту-әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігіне  сілтейді.

Сіз айтып отырған кеңсе қағаздарының қай тілде орындалуы тіл өміршеңдігі үшін аса маңызды фактор саналады. Өйткені, халықтың күнделікті әрекетіне тікелей  қатысты  кең­се құжаттарының тілі тілге деген халықтық сананы, сұра­нысты, қажеттілікті  қалып­тас­­тырады.

 «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды» деп өткен ғасырдың басында үлкен мінберлерде, баспасөз беттерінде дабыл қаққан ақиын ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің  жанайқай жаңғырығы қазір де естіледі. Кеңсесіз шаруа бітпейтін тір­шілікте кеңсе құжаттары қазақша толтырылуы, барлық құжаттардың қазақша үлгісі болуы талап етілуі тиіс.  Әр адам өз жүрген ортасында, барған кеңсесінде құжатты қазақша толтыруды талап етуге құқысы бар ғой. Әрқайсымыз қазақша құжат толтыру арқылы қазақ тілінің өміршеңдігін қамтамасыз ете аламыз. Қазақ тілін күнделікті қарым қатынас құралы ретінде қолдану өзімізге тікелей байланысты. Қайсыбір кеңсеге барсаңыз да «Маған қазақша нұсқасын  бе­ріңіз» деп талап етсе, көп түкірсе көл болады демекші, қазақ тілі кеңсе тіліне айналып жүре бе­реріне кәміл сенемін. Әр қазақ өзінен бастауы керек те, өзі қа­зақша сөйлеп, қазақша іс қағаз­дарын жазуы қажет. Құ­жат­тарды қазақша толтырудың мә­нін терең түсініп, әрбіріміз күнделікті талап етсек қана, қазақ тілінің өміршеңдігін арттырамыз. Тілдің қолданыстық қабіле­тін осылайша халық өзі қолына алып, белсенділік көрсетуі, құжаттарды қазақша толтыруды талап етуі тиіс. Біз сонда ғана ана тілімізді сақтап қала аламыз.

         Қырық тіл біл, ал қазақ екеніңді ұмытпа демекші, Мемлекттік тіл тұғырына қонғанша ешкім шаршамауы керек. Тіл үшін шырылдап жүргендердің мойнында ауыр жүк бар, себебі, қалың халық ана тілін жүрегімен қалап тұрса да, өте енжар. Біз сан ғасыр бойы ата-бабамыз аңсап кеткен уақытта өмір сүріп жатырмыз. Мемлекеттік тілді мәселе етіп көтерудің өзі ыңғайсыз. Бұл әрбір қазақ боп туылған азаматтың Алланың алдындағы парызы. Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде: «Ей, пендем, мен сенің әрқайсыңа өзіңе лайық түр бердім, тіл бердім, діл бердім, дін бердім», – дейді. Жер бетінде 7 млрд.-тан астам халық болса, 7 млрд. адамның бас бармағының ізі 7 млрд. түрлі деген сөз. Яғни, әр адамға өзіне лайық ерекшелік берген, тіл берген. Сол сияқты біздің тілімізді сақтау не үшін керек? Мысалы, орыс тілін, ағылшын тілін біліп-ақ мемлекет басқарып, күн көруге болады.                  

Ата Заңымыздың 7-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі» деп, ал «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның 4-бабында «Мемлекеттік тіл ­– мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі» деп жазылған.

Қазақстанда тіл мәселесінің оңтайлы шешілуі мектепке дейін­гі мекемелер мен жалпы ор­та білім беретін мектептердегі және жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесіне де тікелей байланысты.
Тілдің қолданыстық қыз­метінің негізі – оның жойылып кетпеу қаупіне, өмір сүру ұзақ­тығына тікелей әсер етеді. Ана тілінде ақпарат беретін,                 білім беретін балабақшалар мен мектептер, жоғары оқу орындары арқылы туған тілде тілдік сана мен тілдік ортаны өз дәрежесінде қалыптастыратыны белгілі.

«Өзіңді-өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деген қазақта жақсы сөз бар. Өзімізді өзіміз бағалауды үйренуіміз керек.

 

Бөкей ордасы аудандық соты кеңсесінің аға сот приставы Қ.Молдағалиев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Manuel 2 декабря 2023 10:57

    I’m not that much of a internet reader to be honest
    but your blogs really nice, keep it up! I'll go ahead and bookmark your site to come back in the
    future. Many thanks

    Review my web-site :: Lorene

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив