Шыңғырлау аудандық сотында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Шыңғырлау аудандық сотында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Шыңғырлау аудандық сотының төрағасы Миржан Қадырбаев аудан прокуратурасының аға прокуроры, аудан әкімдігінің өкілі, полиция бөлімінің  бастығының орынбасары, медиатор, адвокат және сот мамандарының  қатысуларымен «Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру» туралы мобильдік бейнеконференц байланысы арқылы дөңгелек үстел өткізді.

Сот төрағасы М.Қадырбаев ағымдағы жылдың 10 маусымында Президент Қ.Тоқаевтың қол қойған «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫна мағлұмат беріп, заңға енгізілген өзгерістердің негіздері судьялар мен сотқа қатысушылар жұмысының жаңа форматы, азаматтық процестегі оңтайландыру және сот ісін жүргізуін цифрландыру болып табылатын айтып, жеке тоқталып өтті.

Енгізіліп отырған өзгерістер азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірімен – істерді толық және уақытылы шешумен толықтырылғанын, сондай-ақ тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы қағидатына жаңа мазмұндама берілгенін, АПК-да көзделген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында сотқа қосымша өкілеттіктер берілгенін мәлімдеді.

Яғни, істерді заңды және әділ шешу мақсатында дәлелдемелерді жинақтау тәсілі кеңейтілгенін, татуластыру рәсімдерін одан әрі дамыту мақсатында тараптарға қосымша мүмкіндік берілгенін, сот талқылауына қатысушыларға заңнамалық талаптарды күшейту үшін аудармашы, сот приставы процестік тұлғалары енгізілгенін, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу ісін қарау, яғни тиісті шешім мен сот бұйрығын шығару тек электрондық форматта ғана мүмкін болатынын, істің қалған санаттары талап қою арызының, арыздың қандай нысанда берілгеніне, тараптардың келісімі мен техникалық мүмкіндіктері бар-жоғына байланысты электрондық форматта қаралуы мүмкіндігін, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қарауға жататын талап қою талаптарының шегі артқанын, процеске қатысушылардың өздерінің техникалық құралдарын пайдалану тәртібін реттейтін нормалар енгізілгенін айтып өтті.

Кездесудің соңында төраға М.Қадырбаев қатысушылардың қойған  сұрақтарына жауап берді.

 

 

М.Қадырбаев

Аудандық соттың төрағасы                                                     

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив