Азаматтық процестік заңнамаға енгізілген өзгерістер мен  толықтырулар  талқыланды

Азаматтық процестік заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Ақжайық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 маусымдағы Заңын талқылау үшін дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға судьялар мен сот қызметкерлері және мобилді бейнеконференц байланысы арқылы Ақжайық аудандық прокуратурасының өкілі, ауылдық округ әкімдігінің өкілдері, кәсіби емес медиаторлар, адвокат қатысты.                                   

Сот төрағасы Т.С.Гумарова  өз сөзінде Азаматтық процестік кодекске енгізілген өзгерістер мен  толықтырулар ағымдағы жылдың 22 маусымынан бастап қолданысқа енетінін атап өтіп, заңнамадағы негізгі жаңашылдықтар туралы баяндады.

Атап айтқанда, сот төрағасы іс жүргізу белсенділігін арттыру, соттың тараптарды шақырусыз күрделі емес мәселелерді қарауы, азаматтарды сотқа жүгінгенге дейін бітімгерлік рәсімнен өтуге ынталандыру,   азаматтардың мобильдік құрылғылар арқылы қашықтықтан қатысуын көздейтін сот ісін жүргізудің электрондық форматын енгізу, процеске қатысушыларға техникалық құралдарды пайдалануға рұқсат беру, қатысушыларға процесс аудио жазбасын беру сияқты жаңашылдықтарына кеңінен тоқталды.

 

А.К.Туралиева

Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының бас маманы                                                       

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив