Сот төрелігі әділдік салтанаты

Сот төрелігі әділдік салтанаты

Қазіргі таңда сот төрелігін атқаруда заң талаптарын қамтамасыз етіп, тараптарға олардың  өз мүдделерін қорғау үшін қылмыстық процессуальдық кодекстің талаптарын бұлжытпай орындап, мәденитетті түрде төрағалық етушінің сот процессін өткізуі сот билігін жоғары дәрежеге көтерудің алғы шарты болуы тиіс.

Сонымен қатар,  осы тақырыптың маңыздылығы, сот төрелігін жүзеге асырудағы, сот үкімінің дәл заңға сәйкес негіздеу, сотқа қатысушылардың жауаптылығын арттыруда, олардың сот билегіне деген қолжетімділігін, сот процессінің әділдік тұрғыда өтуіне қамтамасыз етеді.

Сот процессін ұйымдастыру шараларын  қабылдағанда, оның уақытылы бастап, заңда көрсетілген тәртіппен тараптардың құқықтарын қамтамасыз етіп, олардың талап-тілектеріне  етене назар аударып, сот тергеуінде, жарыссөз барсында, іс құжаттарын дұрыс саралау мәдениет тұрғысынанда  сот төрелігінде өте маңызды болып табылады.

Сот процессінің мәдениетін арттырудағы тағы бір маңызы зор ықпал ол, соттың сыртқы ортасы. Сондай-ақ, сот ісіндегі жоғарғы мәдениетпен, терең біліммен, істің мән-жайларын жан-жақты біліп отыруы  судьяның, прокурордың, адвокаттың сот ісіне дайындықтарының жақсы, істі адал қараудағы және олардың терең білімді заңгер болуларын талап етеді. Процессуалдық заң талабымен, істі қарауға алған сәттен бастап  келесі сот үкімін, қаулысын шығару үшін  іс құжаттарын  жан-жақты және мұқият зерделеуде  үлкен тиянақтылықты, әділ және тек қана заң шеңберінде жұмыс жасауда ғана іске асырылады.

Әрбір істің аурылығына қарай және сотқа шақырылып отырған тараптардың (тұлғаларлың) санына қарай, сот отырысын тыңдауды тағайындау нақты сағатпен (уақытпен) анықтап алған абзал. Сот төрелігінің  тағы бір міндетті шарты болып, ол сот отырысын уақытылы ашу сондай-ақ, үзіліс уақыт аралықтарын сақтай білу және сот отырысын жоспарлай білу әрбір судьяның сот билігін жоғары сатыда көрсетудегі борышы.

Қазіргі таңдағы қолданысқа енгізілген міндетті аудио-бейне бақылау жүйесі барлық сот отырыстарының әділ, объективті, сонымен қатар, іске қатысушыларлың тәртібімен уақытылы келуін қамтамасыз етуде.

Сот отырысында төрағалық етуші іскерлік жағдай туғызу мақсатында, басты сот талқылауының тәртібін сақтау үшін, іске қатысушылардың тиісті мінез-құлық ережелерін  сақтау үшін шара қолдануға міндетті. Сотта істі қарау кезінде процессуалдық заңдарға сәйкес, әділдікті нақты толық сақтаумен қылмыстық істі жүргізе отырып, іс бойынша төрағалық етуші сот отырысына қатысушыларлың заңмен қарастырылған (кепіл берілген) құқықтарының қамтамасыз етіуі оның жеке қалыптасқан мәдениетімен қатар, сот төрелігне нұқсан келтірмей әділ үкім шығарып, одан соң оның заң талабымен орындалуын қамтамасыз етуіде сот билігінің деңгейіне әсер етін әрбір судья ұмытпауы тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 75 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да, сот төрелігінің имиджін жақсартудың  негізгі құрамдас бөлігі болып, сот талқылауының  мәдениетін арттыру болып табылады.

Судьяның міндеттерінің бірі - сотқа қатысушыларлың құқықтарын нақты түсіндіру, ол үшін оларға мәліметті анық түрде жеткізу, құқықтарын жүзеге асыру жолдарымен тәртібін түсіндіру болып табылады.  Іске қатысушылардың (тараптардың) өз көзқарастарын қорғауда заңмен қарастырылған қандай да бір мүмкіншілік бар екенін білуі маңызды.  Барлық жағдайда, төрағалық етуші іске қатысушылардың іс жүргізу тілін түсінетіндігі, қорғаушының көмегін қажет ететіндігі немесе қажет етпейтінді, өзі білетін тілде айғақтар беруге, талап арыздарының бар немесе жоқ екендігін  анықтап алуы тиіс.

 Сот отырысына қатысушыларға қойылатын сұрақтардың сапасы, көп жағдайда, оның анық жүйелі қоя білуінде. Судьяның объективтілігі, әділдігі сотқа қатысушыларға дұрыс сұрақ қоя білуінен айқындалады. Сонымен қатар, іске қатысушылардың көзқарастарын және олармен келтірілген дәлелдерді ескеру қажет.

Қазіргі таңда сот төрелігін жақсарту үшін Жоғарғы Сот тарпынан барлық жағдайлар жасалған, соттардың ғимараттары, олардың материалдық тұстары жан-жақты қамтамасыз етілді, жаңа технологиялар енгізіліп, бейне-дыбыс жазбалардың сот процессінде үзбей қолданылуы сот билігінің дәрежесін арта түсті, істерді қараудағы созбайлыққа апаратын кейбір кемшіліктерді жойып, халықтың сот билігне деген құрметін артып, қолжетімділігін күшейтті. Сол себепті сот процесін жүргізгенде судьялардың мәдениетті, жан-жақты терең білімді екендігін көрсету басты шарт болып қала бермек.

 

Убайдолла Қошанов 

Нұр-Сұлтан қаласы, №2 Алматы

ауданының судьясы                                                     

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив