Тұрмыстық зорлық-зомбылықты   болдырмаудың алдын алу іс шаралары

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмаудың алдын алу іс шаралары

 

Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе болып табылады.

Аталған санаттағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алудың бір түрі, құқық бұзушылық жасаған азаматтарға алдағы уақытта қайталап, құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін, қорғау нұсқамасы беріледі.

 Қорғау нұсқамалары оны қабылдаған кезде он алты жасқа толған ақыл есі дұрыс адамға қатысты шығарылады. Оны  ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің басшысы немесе орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандары істері жөніндегі учаскелік инспекторлары, жәбірленушінің пікірін ескере отырып шығарылады.

Жәбірленушіге қорғау нұсқамасының көшірмесі шығарылған күні қолхат арқылы табыс етіледі, сонымен қатар міндеттері мен құқықтары түсіндіріледі. Қорғау нұсқамасының мерзімі құқық бұзушыға табыс етілген күннен бастап 30 тәулікті құрайды.

Қорғау нұсқамасы табысталған құқық бұзушы, жәбірленушіні іздеуге, қудалауға, ауызша немесе телефон арқылы сөйлесуге, басқа жолдармен оның ішінде, кәмелетке толмағандармен немесе әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерімен, ерік жігеріне қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынады. Қорғау нұсқамасын бұзу ҚР ӘҚБтК-імен жауапкершілік көзделген.

Ақжайық аудандық сотымен 2019 жылдың 4 ай ішінде ӘҚБтК-нің 461бабымен (Қорғау нұсқамасын бұзу) 1 әкімшілік іс түсіп, әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Ағымдағы жылдың 4 айында 2 әкімшілік іс түсіп, 1 тұлға әкімшілік қамаққа алынып, 1 тұлғаға әкімшілік істің оқиғасы болмауына байланысты тоқтатылды.

 

Фариза Каирманова

Ақжайық аудандық соты кеңсесінің бас маманы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив