ОЙЫН МЕКЕМЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢСЫЗ ҚЫЗМЕТІ КЕСІЛДІ

ОЙЫН МЕКЕМЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢСЫЗ ҚЫЗМЕТІ КЕСІЛДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесін тарта отырып, наурыз айынан бастап елдегі төтенше жағдай мен Алматы қаласындағы карантин режимі уақытында жұмыс істеген заңсыз ойын мекемесі әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды операцияны өткізді.

Аталған жедел іздестіру іс-шарасы 2020 жылдың 24-25 сәуіріне қараған түні өткізілді, нәтижесінде ведомство қызметкерлері қала орталығында орналасқан әкімшілік ғимаратта келушілер мен оның қызметкерлері арасынан құмар ойындарға қатысқан 30-дан астам тұлғаны ұстады.

Құмар ойындары өтетін орынға кіру үшін арнайы өткізу жүйесі әрекет еткен, ол бойынша ішке тек тұрақты келушілер ғана кіре алатын болған.

Аумағы 1000 шаршы метрден асатын казиноның ішінде тінту іс-шараларын жүргізу барысында покер мен америкалық рулеткаларға арналған 6 үстел, көптеген ойын карталары мен фишкалар, сондай-ақ заңсыз әрекеттен түскен бір күндік ірі мөлшердегі ақшалай қаражат алынды.

Заңсыз ойын мекемесін ұйымдастыру фактісі бойынша ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жасырын казиноға» қатысқан адамдардың барлығына қатысты төтенше жағдай режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив