Төтенше жағдай кезінде тараптар азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімге келді

Төтенше жағдай кезінде тараптар азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімге келді

 

        Бүгін Бәйтерек аудандық сотында ақшалай соманы өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.

         Талап қоюшы А.  жиһаз дайындау құнын жауапкер Р. толық төлемеуіне байланысты сотқа жүгінген, онда дайындалған жиһаздың құнының   өтелмеген бөлігін, өкілге, нотариустың қызметіне жұмсалған шығындарды, барлығы 212 778 теңге көлемінде ақша сомасын жауапкерден өндіруді сұраған.

         Тараптар «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа өзара қол жеткізген бітімгершілік келісімді жолдап, оны бекіту туралы өтініш қозғаған. Бітімгершілік келісім бойынша жауапкер талапкерге 130 000 теңге төлеуге міндеттелген, ал талапкер басқа да талап қою талаптарынан бас тартқан.

Сот бітімгершілік келісімнің шарттарының тараптардың, үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне және заңнамаға қайшы келмеуіне байланысты келісімді бекітіп іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты, талапкерге сотқа талап қою кезінде төленген мемлекеттік бажды қайтарды.

         Істің бітімгершілікпен аяқталуы тараптар үшін дауды шешудің ең тиімді тәсілі және бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруді растау болып табылады. Сот тараптарға сот талқылауымен салыстырғанда істі бітімгершілікпен шешудің артықшылығын түсіндірді, нәтижесінде екі тарапты да қанағаттандыратын және тұрақты қатынастарды сақтауға ықпал ететін дауды жедел, үнемді шешудің нұсқасын олармен таңдалғаны қуантады.

         Осы қиын уақытта елімізде сот талқылауына тартылған адамдармен жоғары құқықтық мәдениет көрсете отырып, дауларды бейбіт жолмен реттеудің артықшылықтарын бағалап, соттың араласуынсыз даулы жағдайларды жоюға тырысу маңызды деп санаймыз.

         Татуласуға қол жеткізген жағдайда, Сіз сотқа бармай, өз өтініштеріңізді және келісімдеріңізді "Сот кабинеті" сервисін пайдалана отырып жібере аласыз.

         Үйде болыңыз, денсаулығыңызды сақтаңыз!

        

 

Бәйтерек аудандық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив