Төтенше жағдай режимді бұзылғаны үшін қамаққа алынды.

Төтенше жағдай режимді бұзылғаны үшін қамаққа алынды.

 

 Мемлекетімізде төтенше жағдай жариялануымен байланысты және өмірін, десаулығын қорғау мақсатында Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ағымдағы жылдың 30 наурызда БҚО аумағында коронавирустық  инфекцияның  таралуына  жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту  туралы қаулыға қол қойды. 

Қаулыға сай 31 наурыздан бастап БҚО-да ТЖ кезеңіңде карантин режимі шектеулі шаралар енгізіліп, олардың бірі азық – түлік  тауарларын тіркеу мәліметтеріне сәйкес тұратын жерінен кемінен 2 км. қашықтықтағы дүкендерден сатып алу, сонымен бірге туысқандарға, таныстарға, көршілерге, әріптестерге және т.б. баруға тыйым салынды.

Алайда, шектеулі  шараларға қарамастан, жеке тұлғалар карантин режімін бұзады.

Тасқала аудандық сотымен  «К»  азаматқа қатысты  ӘҚБтК-нің 476 бабының 6 тармағы бойынша көзделген әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық  хаттамасына сай, құқықбұзушы  «К»  карантин режимі еңгізілгеніне қарамастан, 03.04.2020 жылы  сағат 22.30 шамасында Тасқала аулында Жақсығұлов  көшесімен солтүстік бағытқа қарай «ВАЗ-21083»  маркалы автокөлігін басқарып, тұрғылықты  мекен-жайынан 2 км. қашықтықтан асқан. Құқық бұзушы  «К» ӘҚБтК-нің 476 бабының 6 тармағымен көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

«TrueConf»  мобильдік қосымша арқылы өткізілген сот отырысында кінәсін мойындап, өзінің  автокөлігімен  досынан келе  жатқанда  полиция қызметкерлерімен  тоқтатқаны  түсіндірді. Жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы  476 бабының 6 тармағы бойынша кінәлі  деп танылып, жаза ретінде 5 тәулік  мерзімге  қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив