«Ел мерейі - тіл мәртебесі»

«Ел мерейі - тіл мәртебесі»

Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы, төл мәдениеті болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Тәуелсіз еліміздің негізгі рәміздерінің бірі- мемлекеттік тілі.

Қытайдың атақты философы Конфуций: «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей , ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды» - деген екен.

Тіл қарым-қатынас құралы. Ол адамның сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл арқылы адам бір-бірімен қатынаса алады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз», - деген болатын.

1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болса , ал 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» Заңы тілдердің Республикада қызмет етуінің құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды зерделеу мен дамытуға жағдай туғызудағы міндеттерін белгілейтін акт болды және барлық тілдердің бірдей құрметпен қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталды.

Ата Заңымыз Конституцияның 7 бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін, ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі – мемлекеттің барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да өз жұмысына қажетті нормативтік актілерді, Ережелерді, нұсқауларды, шешімдерді, мемлекеттік тілде дайындап, бекітеді. Қазіргі таңда облыстық, қалалық, аудандық және ауданаралық соттарында, мамандандырылған соттарында іс жүргізу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.  Қазақстанда мемлекеттік тілді шектеуге бағытталған заңдар, нормативтік-құқықтық актілер қабылданбайды.

Мемлекеттік тілді құрметтеу - Қазақстан азаматтарының міндеті болып саналады. Мемлекеттік тілді төмендету, менсінбеушілік, сыйламаушылық іс-әрекеттері  және оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін басқа да ашық және астыртын жұмыстарды жүргізуші азаматтар мен ұйымдар мемлекеттік мекемелер заң бойынша жауапқа тартылады.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде Конституциялық жолмен баянды етілуінен келіп шығатыны, қазақ тілі Қазақстан мемлекеттілігін айқындайтын факторлардың бірі болып табылады, оның егемендігін рәміздейді және Қазақстан халқының бірлігін білдіретін Республиканың Конституциялық – құқықтық мәртебесінің элементі болып табылады.

Еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі - тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. Ұлт жанашыры А.Байтұрсынов : «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл» - деген екен. Ата Заңымыздың аясында бақ - берекеміздің сақталып, іргеміздің нығайып отырғаны тіл саясатын жүргізудің жарқын бейнесі. Тіл - халық қазынасы, ұлттың жаны, һәм айнасы. Тіл мәселесі- бір адамның ғана емес, барша қазақ ұлтының мәселесі. Тілдің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз.

Республикада қазіргі таңда мемлекеттік тілдің мәртебесі басым болуы, Қазақстан халқының тілдері қалыпты түрде қызмет етуі үшін нормативтік-құқықтық жағдай жасалған, мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілдің қолданылуын реттейтін заңнамалық база құрылған. Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал,  қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттік органдар бұл тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдай жасайды. Тілдің дамуы мемлекеттік тілді басымдығын және іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең - кезеңмен көшіруді көздейтін мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі.

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі - ұлттық тілі, діні, мәдениеті, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған ең үлкен сыйы да – осы тіл. Тіл қасиетті де қастерлі. Тілдің бойында адамды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тіл - ұлттың ажырағысыз белгісі. Әлем мойындайтын, әлем таныған ел болу үшін тілімізге деген құрмет те соғұрлым жоғары болу керек. Қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқысы болған оның ғажайып тілі.

Қорытындылай келе, ана сүтімен дарыған қасиетті де қастерлі тілге дақ түсірмеу парызымыз деп білемін.

 

                                                          БҚО қылмыстық істер жөніндегі

                                                          мамандандырылған ауданаралық

                                                          сотының жетекші маманы

                                                          Досмурзина Айшагул Шайхеденқызы

                                                         

 

    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив