БҚО бойынша Соттар әкімшісінің қорытынды кеңесі өтті.

БҚО бойынша Соттар әкімшісінің қорытынды кеңесі өтті.

 

БҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов облыс соттарында соттардың қызметі және іс жүргізу жағдайы туралы, сондай-ақ соттар Әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінде 2019 жылғы 12 ай қорытындысы бойынша кеңес өткізді

Іс-шараға басшының орынбасары және облыстық соттың кеңсе меңгерушісі, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен облыс соттарының кеңсе меңгерушілері қатысты.

Кездесуде бөлім басшыларының өткен жылы атқарылған жұмыстары, Департаменттің негізгі міндеттерін жүзеге асыру және орындау туралы баяндамалары, сондай-ақ өткен жылдардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы 2019 жылдың статистикалық есептер тыңдалды.

Спикерлер іс қағаздарын тиісті жүргізуді, облыс соттарының жұмысын ұйымдастыру және орындаушылық тәртіп жайындағы түйткілді мәселелерді көтерді.

Облыстың аудандық, қалалық және мамандандырылған соттарының кеңсе меңгерушілері соттардың мұрағаттарының жай-күйі, есепке алу, сақтау, құжаттарды жою және сот актілерін орындау бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы баяндады.

Кеңесте кадр мәселелері, облыс соттарының ақпараттық қамтамасыз ету және БАҚ-пен тиісті өзара іс-қимыл мәселелері, ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қарастырылды.  Сондай-ақ, қатысушылар облыс соттарының қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Кеңес барысында қатысушыларға жоғары тұрған соттардың тиісті тапсырмаларын орындау, соттар жұмысында ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану, "Төрелік" ақпараттық жүйесінде тиісті жұмыстану, электрондық сот ісін жүргізуді белсенді дамыту туралы айтылды.

Шараны қорытындылай келе, Соттар әкімшісінің басшысы Н,Қажғанов 2020 жылы орындалуы тиіс бірқатар міндеттерді алға қойды.

 

  Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив