Қашықтан байланысу құралын қолдану сот төрелігіне қолжетімдікті жеңілдетеді

Қашықтан байланысу құралын қолдану сот төрелігіне қолжетімдікті жеңілдетеді

 

Батыс Қазақстан облысының соттарында жаңа жылдың өткен айы ішінде бейнеконференц байланысты қолдана отырып 2 275 іс пен материалдар (2018 жылы – 826) қаралды. Сот процестеріне қатысушылар жеке себептерге байланысты әр түрлі жерлерде болып, БКБ және «TrueConf» ұялы қосымша арқылы істің тыңдауы жүріп жатқан бір online-конференцияға қосылған.

Қылмыстық істерді қарау кезінде жүйе соттарға оларды әкеп жеткізусіз тергеудегілермен/сотталғандармен сот процесін жүргізуге мүмкіндік береді. Бұрын тасымалдауға қойылатын арнайы талаптарды сақтай отырып, көрсетілген адамдарды жеткізуді ұйымдастыру ұзақ күтуге және бюджеттік шығындарға әкеп соқтыратын. БКБ жоғарыда көрсетілген адамдарды ұстауға және тасымалдауға жұмсалатын шығынды азайтады және қауіпсіздікті арттырады.

Ағымдағы жылы қаңтарда өңір бойынша жергілікті соттармен 247 БКБ (2018 жылы  – 665) өткізілді және ҚАЖК-мен – 1 124 (2018 жыл - 665) және «TruеСonf» ұялы қосымшаны қолданумен - 904 (2018 жылы ұялы қосымша қолданылған жоқ).

Тергеу сотында уақытша ұстау изоляторынан БКБ арқылы қамауда ұстауға және олардың мерзімін ұзартуға санкция беру туралы 74 өтінішхат қаралды.

Мысалға, Бөрлі аудандық сотында азаматтық істі қарау кезінде аудармашы Ақтау №2 соты арқылы бейнеконференц байланысты қолдана отырып қатысқан, ал қылмыстық іс бойынша куәгер Қарағанды облыстық соты арқылы бейнеконференция көмегімен жауапталған. БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік сатып алуға адал емес қатысушы және қарызды өндіріп алу жөніндегі істер бойынша жауапкерлер Алматы қаласында және Маңғыстау облысында болуына байланысты бейнеконференцбайланыс жүйесін қолдана отырып қараған.

Процеске қатысушылардың келмеуіне байланысты істерді қарау мерзімдерін қысқарту қашықтан байланысу құралын қолдану есебінен сот төрелігінің тиімділігін және қолжетімділігін арттырады. 

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив