Сындарлы қоғамдық диалог –азаматтардың сенімін нығайтудың негізі

Сындарлы қоғамдық диалог –азаматтардың сенімін нығайтудың негізі

Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітіліп, бірқатар мақсаттар қойылды.

Жолдаудың екінші бөлімінде президент азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігіне тоқталып, сот шешімдерінің әділ болуы, дау шешуде бірыңғай сот тәжірибесі қамтамасыз етілуін, әкімшілік сот төрелігін енгізуді тапсырды. Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажеттігі баса назарға алынды. Сот шешімдерінің сапасын арттыру, бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру, соттардың дауларды шешу барысында қосымша айғақтар жинау құқығы, азаматтардың құқықтарының бұзылмауы қажеттігін айтылды.

Сондай-ақ, жыныстық, зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажетілігі ескертіліп, жүзеге асыру тапсырылды.

Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі қажеттігін ескетті. Сондай-ақ, азаматтарымыз жария-құ­қық­тық дауларда билік орган­дарының шешімдері мен әре­кет­­теріне қатысты шағым тү­сі­ру кезінде көп жағдайда тең­сіз­діктің орын алып жатады. Осындай тең­сіз­дік­тер­ді болдырмау мақ­са­тын­да дау­ларды шешудің ерекше те­тігі ретінде әкімшілік әділет құ­ры­лы­мын енгізу тапсырылды.

Қорыта айтқанда, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсіреді деген сенімдеміз. Осы айтылғандар бүкіл құқық қорғау органдарына, оның ішінде сот саласына да үлкен міндеттер қойылды. Осы алдыға қойылған міндеттер мен тапсырмалардың орындалуына, сот саласының дамуына, азаматтардың сот саласына деген сенімін арттыруда барлық күш жігерімізді салып, жұмылып жұмыс істеуіміз қажет.

 

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы

А.Бабатов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив