«Қазақ тілінің рөлін сот ісін жүргізуде қолдану арқылы күшейту»

«Қазақ тілінің рөлін сот ісін жүргізуде қолдану арқылы күшейту»

Еліміз тәуелсіздік алардың қарсаңында, 1989 жылы қабылданған Тіл туралы заңда:  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі» деп тұңғыш рет атап көрсетіліп, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 7-бабында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл –қазақ тілі» екендігі баян етіліп, заңды түрде күшіне енді. Сөйтіп, қазақ тілі дамуының жаңа кезеңі басталған болатын. Сол уақыттан бері қазақ тілінің тынысы ашылып, қоғам өңірінің бірқатар салаларында қолданыс аясы кеңейе түскені рас. Ең бастысы-ана тіліміздің тағдырына алаңдайтын халқымыздың үміті оянып, тіліміздің болашағына сеніммен қарайтын болды. Ендігі жерде қазақ тілінің заңдық мәртебесін алға ұстап, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қызметіне қоятын талабы күшейе түсті. Мемлекеттік және өзін-өзі басқару орындарындағы тілге қатысты психологиялық ахуал күрт жақсарып кетпегенімен, азда болса оң өзгерістер бар екені анық.

Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі - барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты  факторы ретінде мемлекеттік тілді жан - жақты дамытуға басты назар аударылып отыр.

Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді.

Межеленген міндет - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.
Мемлекеттік тілді мемлекетті басқару тілі мәртебесіне жеткізудің негізгі
тетігі - ic жүргізудің мемлекеттік тілде жүзеге асуы болып көзделген.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі делінсе де, сол бағытта атқарылып жатқан істеріміз оң нәтижесін беруде ме?

Ic -шаралар жоспарын іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық

негізгі салаларында тіл құрылысы процесстерінің кеңеюі мен терендеуі үшін

алғышарттар жасалғанымен, мақсатты жетістіктерге қол жеткізе алып жатырмыз ба деген сауалдар әлі көкейде тұр.

Туған тіліміздің қолданыс аясын кеңейту барысы да жан - жақты   талқыланып, жағдайлар жасалуда. Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің меншік нысанына қарамастан штатына басқарма ашылған жылдары аудармашы бірлігі енгізілді, мемлекеттік тілді білмейтін, тұрмыстық денгейде ғана білетін қызметшілерге оқыту курстары ұйымдастырылды, әдістемелік құралдар, компьютерлік бағдарламалар, сөздіктер көптеп басылып шығып таратылды.

Үстіміздегі, яғни 2019 жылы күні бүгінге дейін соттың өндірісіне 2009 кіріс құжаты тіркеліп, оның 1984-і қазақ тілінде, яғни 98,76 пайызды құрап, көрсеткішіміз 100 пайызға жетпей отыр. Сотқа келіп түскен 32 қылмыстық істің 16-ы орыс тілінде түскен, алайда, өндірістегі істер бойынша жолданатын хабарламаларға, хаттарға мемлекеттік тілде жауаптар жолданады.

Ішкі құжат айналымы міндетті түрде толықтай мемлекеттік тілде жүргізіледі, атап айтқанда сотқа келіп түскен хат-хабарларға және азаматтардың өтініштеріне қазақ тілде жауап беріледі. Ішкі шығыс құжаттарын тіркеу, өкімдер шығару, жедел отырыс хаттамаларын жүргізу толықтай мемлекеттік тілінде жасақталады. Іс жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету кеңсе меңгерушісінің бақылауында және мамандардың орындауына жүктелген. Сот өндірісіне келіп түскен қылмыстық істердің басымдылығы орыс тілінде болуына қарамастан, істер бойынша барлық шығыс хат-хабарламалары қазақ тілінде, қажет болған жағдайда екі тілде жолданады.

Мемлекеттік тілде қаралған істер бойынша шығарылған сот актілерінде мағыналық, синтаксистік, грамматикалық және орфографиялық қателердің орын алуына жол бермей, үкімдердің, қаулылардың қазақ тілінде сапалы, сауатты жазылуы бақылауға алынған.

Мемлекеттік органдарға жолданатын хат-хабарлар, оның ішінде электрондық құжат форматындағы қатынас құжаттары елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді.

Құжатты басқа тілде жолдауға қажеттілік туындаған жағдайда мәтін міндетті түрде мемлекеттік тілдегі нұсқасымен қоса жолданып отырады.

Кеңседегі кіріс, шығыс құжаттардың мемлекеттік тілдегі нұсқасы болмаған жағдайда сот кеңсесіне кіріс немесе шығыс белгілерін қоюға тыйым салынып, қатаң бақылауға алынған.

Республикамыздағы бір ғана мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ешқандай да өтпелі қиындықтарға қарамастан оның заңдылық тұғырын бекітіп, дамыту күшеймесе, кемімейді. 

Сондықтан жазуға машыктанып, үйрену талабы күн сайын артып, әр мемлекеттік қызметкердің міндеті болуы шарт.

Кейбіреулері ойлағандай «сөйлесе білем жетеді ғой» емес, мемлекеттік тілге деген саyаттылық қатесіз жазып, ойын анық айтып, мүдіріссіз оқи алумен елшенеді.

Мемлекеттік тілді білу — парыз, білмеу -әр адамның азаматтығына сын. Тарихымыз да, тағдырымыз да тілмен байланысты. Мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуына мемлекеттік мекемелер, өзіміз бас болып кеңсе қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізсек, сонда ғана iс жүргізу тілінің дұрысталары сөзсіз.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші барлығымыз күш біріктіргенде

ғана тіліміздің тұғыры берік болары хақ.

 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты

Бас маман Тлемберлиева Алия Артуровна

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив