Ел тұрақтылығының бағдары

Ел тұрақтылығының бағдары

Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам. Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы реформалар заман талабына сай қызмет етуде, оны одан әрі жетілдіру обьективтік құбылыс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Парламенттің біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында халыққа өз Жолдауын жариялады. Жолдау барысында Президент ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне тоқталды. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Президенттің ал­ғаш­қы Жолдауында мемлекеті­міз­дегі азаматтардың құқықтарын қорғаудың басты тетігі сот жүйесі жұмысының сапасын арттыру, оның тиімділігі мен маңыздылығына басты назар аударылды.  

Еліміздің Президенті өз жолдауында, сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыруда, судьялардың заңды басшылыққа алып, ішкі сенімдеріне сүйеніп шешім шығару, сот шешімдерінің сапасына тұрақты талдау жұмыстарын жасау, сондай-ақ бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажеттілігін атап көрсетті.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен сот актілерінің сапасын арттыруда көптеген маңызды жұмыстар атқарылу үстінде екендігіне назар аударған жөн.

Оның ішінде, «Жеті түйін» жобасы бойынша сотқа жүгінген қарапайым азаматтарға сот актілерінің түсінікті болуы және қолжетімділігін арттыру мақсатында «Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды атап өтуге болады.

Сот шешімі шығарылғанда заңнамалардағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс.

Сонымен қатар, Елбасы Жолдауында сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажеттілігін, яғни сот төрелігін жүзеге асыру барысында судья процессуал­дық белсенділік танытуға және заңнамаларға осы өкілет­тік­тер­ді айқындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет екенін айтты.

Осы бағытта да Жоғарғы Сотпен және жергілікті сот органдарымен ауқымды жұмыстар атқару көзделіп отыр. Заңнамаларды қолданудың бірізділігін қалыптастыруда Жоғарғы Соттармен талдаулар мен қорытулар жүргізіліп, судьялардың осы тапсырманы іске асыруда көмек құралы ретінде нормативтік қаулы қабылдануда.

Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады. Олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді. Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде  әкімшілік әділет құрылымын  енгізуді, яғни аталған дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетін болады. Бұдан былай дауларды шешу барысында сот қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы. Елбасы маңызды мәселелердің бірі ретінде, шамадан тыс қудалау шаралары мен сот төрелігінің қатаң жазалау тәжірибесінен бас тартылғанымен, елімізде ауыр қылмыстардың саны азаймай тұрғанына тоқталып өтті.

Негізінде заңнамамызды ізгілендіру ісіне көбірек мән беріп, азаматтардың негізгі құқықтарын назардан тыс қалдырылғанын жыныстық зорлық-зомбылық,  педофилия,  есірткі тарату, адам саудасы,  әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет екенін, бұл мәселені шешуді Парламентке және Үкіметке тапсырамын.", - деді Президент жолдауында.

Соңғы уақытта болған қайғылы оқиғалар ұйымдасқан қылмыстың тағы бір түрі – браконьерлік проблемасының бетпердесін ашты. Бүгінде браконьерлер сақадай-сай жабдықталып, қаруланған және өздерінің жазалана қоймайтынына сенімді. Биылдың өзінде жануарлар әлемін қорғап жүрген екі инспектор браконьерлердің қолынан қаза тапты. Жақында Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінде браконьерлердің қылмыстық тобы ұсталды. Бұл тек бір ғана мысал, алайда браконьерліктің тамыры тереңге жайылған. Браконьерлер ұлттық байлығымыз – табиғатымызға аяусыздықпен орны толмас зиян келтіруде.Сондықатн, Президент Үкіметке шұғыл түрде тиісті заңнаманы қатайту үшін дереу шаралар қабылдауды тапсырды.

Президент  өз Жолдауында қазіргі заманға сай тиімді мемлекет құрудың негізгі бағыттарын айқындап берді. Мемлекетті басқарудың саяси құралдарының қатарында биліктің дербес саласы – сот билігінің орны мен мәртебесі айрықша. Демек, азаматтар барлық мәселелерді тек сот жүйесі арқылы шешіп, өз құқықтарын осы орган арқылы ғана қорғай алады. Бұдан биліктің бір тармағы сот билігінің қоғамдағы алатын ерекше орнын көруге болады. Әр адам, әр ұжым, әр мекеме өз міндеті мен өз салалары бойынша алға қойылған тапсырмаларды талапқа сай уақтылы орындап отырса, жақсарудың,  дамудың жолы сол болмақ.

Еліміз өзінің таңдап алған сара жолы – зайырлы, құқықтық мемлекет құруда халықаралық үлгілерді басшылыққа алды.

Ширек ғасыр ішінде Қазақстан әлемге тек демократиялық бағыттағы құқықтық мемлекет қана емес, сонымен қатар, баршамен терезесі тең, жоғары беделге лайық ел ретінде танылды.  

Сондықтан, еліміз осындай көпбағытты жолды берік ұстана келе, жолдаумен белгіленген шараларды жүзеге асыруда Қазақ елін әлемдегі ең озық  30 елдің қатарына қосылуды көздейді.

 

Жаңақала аудандық сотының төрағасы   С.Р.Есжанов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив