Медиация – бұл тараптардың қалауымен жасалатын келісім

Медиация – бұл тараптардың қалауымен жасалатын келісім

2016 жылдың 1-қаңтардан бастап қолданысқа енген ҚР Азаматтық процестік кодексте сотта бітімгершілік рәсімдерді қолдануды жетілдіру, сот ісін жеңіл әрі жедел жүргізу, сот актілерін жоғары сатыларда қайта қарау мәселелері айқын көрініс тапқан. Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы.

Медиация келісімі бойынша тараптар – уақыт үнемдейді, яғни әуре-сарсандыққа салынбайды, мемлекеттік баж салығын төлемейді (төленген баж салығы кері қайтарылады) және ең негізгісі тараптар сол даулы мәселені өздеріне ұтымды етіп шешеді.

Егер тараптар, араларындағы даулы мәселені медиация келісіммен реттеп жатса, мұндай жолмен қабылданған шешімді екі тарапта ықыласпен орындайды және де даулы мәселе шешілген соң тараптардың арасындағы әріптестік, серіктестік, туыстық секілді қарым-қатынастары сақталып қала береді, өйткені, екі жақта бір-бірінің шарттарын қабылдап, ешбір мәжбүрлеусіз ортақ шешімге келеді.

Қазіргі таңда бұл заң республика көлемінде кеңінен жүзеге асырылуда. Сондықтан бұл заңды халыққа жете түсіндіріп, дауларды сотқа жеткізбей-ақ бітімгершілікпен шешу мәселесін көтеріп, жұмысты оңтайландыра түскен жөн деп санаймыз, дауды шешудің озық жүйесі медиацияның, қоғамға келтірер тиімділігі мол болатынына  сенімдіміз.

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты медиацияны дамыту мақсатында тұрақты түрде қаланың, ауылдық әкімдердің, полиция қызметкерлерінің, БАҚ өкіілдерімен, медиаторлардың қатысуларымен дөңгелек үстелдер ұйымдастырып отырады.

 

Кендирбаева Н.Е.

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив