Тілге   құрмет-елге құрмет

Тілге құрмет-елге құрмет

 

Атазаңымыз, Конституцияда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл - қазақ тілі» деген нормасы бар. Осыған орай «Тіл туралы» заңдағы «Қазақстан халқын топтастурыдың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзаттың парызы» деген.

Ана тілінде  сөйлеуіміздің санамызға сіңіп,  қалыптасуы  сәби  болып дүниеге келген сәтімізден  басталады.  Егер  әрбір  отбасында  ата-ана сәбиін  тек ана тілінде сөйлеуді үйретсе  оның ойлау , сөйлеу қабілеті сол тілде дамиды.

 Әр халықтың ұлттың кұрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуге тиіс. Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өздері де қазақ тілінің жойылуына аз қалған шақта жан аямай кұресіп, қолдарынан келгенше тырысып, бізге, келешек ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп қалдырды. Осы тілімізді біз ары қарай дамытып, жетілдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек.

 Бізідің еліміз – көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан тұғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр, ол бәріміз үшін мақтаныш.

Елбасы халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Кәзіргі кезде үш тілді білуді міндеттетіп отыр. Ол идеясын  Республика Президенті Қазақстан халық Ассамблеясының ХХІІ сессиясында  дамытты.  

Тәуелсіздік жылдары ана тілдік кеңістікте көп нәрсе өзгерді. Ең бастысы, егемендіктің елең-алаңында мемлекеттік мәртебеге ие болған тіліміздің қолданыс аясын кеңейте түсуге ықпал ететін құқықтық, заңдық негіздер қаланды. Мемлекеттік бағдарлама бар. Бұдан басқа да шаралар іске асуда.

Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың абзал борышы. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсен, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған елінңің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. Тіл  - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.

Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Өз тілімізге алдымен өзіміз ие болуымыз қажет. Тілге деген құрмет алдымен әрқайсымыздың жүрегіміздің төрінен орын алуы керек. Ұлттық намыс, ұлттық рух әрқайсымыздың жүрегімізде ұйяламай іс бітпейді.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздарды мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.

         Тіл  тек  қарым-қатынас  құралы ғана  емес,  ұлтымыздың  биік  тұғыры. Ал  қазақ ұлтының мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Дегенмен  де, біздің  мемлекетімізде өкінішке орай, өз тілін білмейтін және білем деп  үйренуге  талпынбайтындардың бар екендігі  қынжылтады. Өйткені,  ана тілін білмейтін адам ана тілінің  тұғырын биіктете алмайды ғой.

  Еліміз тәуелсіздік алғалы  бері  ана тіліміз  мәртебеге ие болып, оның  қолданыс  өрісі  кеңейді. Қазіргі  таңда  өнер,  әдебиет,  мәдениет баспасөз,  радио,  теледидарда  90 жылдармен салыстырғанда мақала  жаңалықтар  бағдарламалардың   көпшілігі   қазақ тілінде  жүргізіледі.

         Сот  жүйесінде  мемлекеттік  тілдің жағдайына  тоқталатын  болсақ,   қазіргі  уақытта  сот қызметкерлерімен  тілдің деңгейін  дамыту, өркендету  мақсатында сұхбаттар беріліп,   газет  беттерінде  және әлеуметтік желілерде   тіл  туралы мақалалар    жарық  көріп,  әр-түрлі іс-шаралар  жүргізілуде.  Бұл біздің  мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің асқақтағаны.

         Нұр-Сұлтан қаласындағы қылмыстық істер  жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  әскери сотында  соттың ішкі,  шығыс  және   кіріс  құжаттары  тек мемлекеттік  тілде  жүргізіледі. Солардың қатарында-   ішкі  құжаттар: сот  төрағасының өкімдері,  сот  жұмысы  туралы  жоспарлар,  жедел  кеңес  хаттамалары,  әр  тоқсан  сайын  сот  жұмысын  қорытындылайтын, анықтамалар мемлекеттік  тілде  жасалады. Шығыс  құжаттары:   жолдама хаттар мемлекеттік тілде жолданып ,  бақылау тапсырмаларына  мемлекеттік  тілде  жауаптар  беріледі. Азаматтардың жүгінулері бойынша, қай тілде   сотқа жүгінсе сол тілде  (мәтіннің  мемлекетік тілдегі   аудармасымен бірге) жауап  беріледі. Судьялар  және сот қызметкерлері арасында мемлекеттік  тіл  тақырыбына дөңгелек үстелдер, отырыстар, семинарлар өткізіліп  тұрады. 

         Егер  Қазақстан Республикасының  әрбір  азаматы  өзінің   ана  тіліне  деген сүйіспеншілігін оятып, мемлекеттік  тілдің  одан   әрі  дамып  нығайуына жауаптылықпен қарап, атап айтқанда  мемлекеттік тілді  басқа  ұлт  өкілдеріне үйретіп,   мемлекеттік тілді насихаттайтын мақалаларды  жиі жазып отырса, мемлекеттік  тілдің   келешегі  нұрланып  көркейе  түсер еді.

 

Қайыров А.М.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы                                                                     

                            

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

7 пікір

  1. аватар
    Loretta 8 сентября 2023 20:02

    For most recent information you have to go to see the web
    and on world-wide-web I found this web site as a most excellent
    website for most recent updates.

    My web blog :: Charley

  2. аватар
    Kiera 26 сентября 2023 00:10

    Hey there! This is kind of off topic but I need some help
    from an established blog. Is it hard to set up your own blog?
    I'm not very techincal but I can figure things out
    pretty fast. I'm thinking about setting up my own but
    I'm not sure where to start. Do you have any points or suggestions?

    Many thanks

    my webpage; clenbuterol aanbevolen door artsen in Nederland

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив