Қазақстандағы гендерлік саясат

Қазақстандағы гендерлік саясат

 

Гендер биологиялық айырмашылыққа емес, қоғамның әлеуметтік ұйымына бағынышты ерлер мен әйелдер қызметінің теңдігін белгілейді. Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады.Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет. Демократиялық және құқықтық мемлекетті бекітуде Қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. «Әке баласын тәрбиелейді, шеше ұлтты тәрбиелейді» деген қазақ мақалы бекер айтылмаған. Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі аналардың мойнында. Сонымен қатар олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық – бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет. Алайда бұл әйелдің мойнына барлық ауыртпалықты жүктеу дегенді білдірмейді, ең алдымен, ол – бүгінгі күні ескірген түсінікті өзгертетін және ерлермен тең дәрежеде өз мақсаттарына лайықты қол жеткізуші адамзаттың тамаша жартысы.

Біздің елімізде гендерлік саясаттың талаптарын орындау мақсатында әйелдердің ерлермен тең қатысуы, өз бизнесін дамыту және қызмет бабымен көтерілу, отбасындағы тең құқықтарды шешуге т.б құқықтарды жүзеге асыруға толық мүмкіндік жасалған.

 

А.Е.Мусина

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының судьясы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив