Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн!

Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн!

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.

Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке. Қазақстан – бүгін, міне, достықтын туын тіккен жер. Мәуелі бақтай жемісін шашып ұлыстар, бір кісідей маңдай терін төккен жер.

Тәуелсіздігіміз үшін мерт болған батыр ұл – қыздарын халық мақтаныш етіп, олардын ерлігін мәңгілік қастерлеп өтуде. Олардың алдында парызын ұмытпай, мектептер мен көшелерге, мәуелі гүлзар бақтарға есімдерін беруде

Тәуелсіздік алғаннан кейін Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Қазақ халқы елбасының бастауымен біраз белестерді артқа тастап қиындықты жеңе білді. Осылайша Қазақстанның аты әлемге танылды. Қазір біз елбасымыздың дұрыс ұстанған саясатының астында көп ұлттармен тату-тәтті өмір сүріп келеміз.

«Болашақ» бағдарламасымен жастарымыз жоғарғы оқу орындарына түсіп шетелде білім алып жатыр. Денсаулық сақтау мен білім салаларына да оң өзгерістер еніп халқымыз күн өткен сайын қарқынды даму үстінде .Біз болашақтың иесі болатын жастар, елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың бастаған бағытын қолдай отырып әлі де алға басамыз деген сенімдемін.

Ал тәуелсіздігіміздің көк туы аспанымызда желбірей берсін! Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.

Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы, бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.

Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті.  Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатының, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факторлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.

Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын көрсетіп берді, Олар – құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен мемлекеттің мүддесін қорғауға ауыстыру. Жолдауда айтылған бағыттарды жүзеге асыру сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттыру біздің міндетіміз.

  

А.Арзамасова

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының жастар бағдарламасы бойынша заңгері

                                                                                        

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

3 пікір

  1. аватар
    Eugenia 12 апреля 2024 08:55

    Woah! I'm really loving the template/theme of this blog.
    It's simple, yet effective. Acquista grisefuline senza ricetta a Genova lot of
    times it's hard to get that "perfect balance" between superb usability and visual appearance.
    I must say that you've done a awesome job with this.
    In addition, the blog loads very fast for me on Internet explorer.
    Excellent Blog!

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив