Орал қаласының тұрғындары татуластыру рәсімдері көмегімен келіспеушіліктері шешіп отыр

Орал қаласының тұрғындары татуластыру рәсімдері көмегімен келіспеушіліктері шешіп отыр

Орал қаласының №2 соты баласының әкесінен білім алуға алимент өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Талапкер колледждің күндізгі бөлімінде оқитыны, әкесі оқуға кететін  шығындарды төлеуден бас тартқаны анықталды.Тараптар ұзақ уақыт ортақ келісімге келе алмау салдарынан және әкесі өз еркімен көмектесуден бас тартқан соң, талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сонымен қатар бұл жағдайды қиындатқан тағы бір себеп, ол тараптардың күндізгі уақытта бос болмауы, яғни аталған жай сот отырысының ұзап кетуіне әкеп соқтырды. Жас студент оқу кезіндегі лекцияларды үзгісі келмесе, әкесі ағымдағы жұмыстармен босамады.

«Кешкі медиация» жобасын түсіндірген соң, тараптар сағат 18-00-ден кейін сотқа келіп, бұл жобаны іске асырды.Татуластырушы-судья сотқа қатысушыларымен әңгімелесу барысында,тараптар медиациялық келісім жасасты.Әкесі  ағымдағы жылдың қараша айынан бастап баласының  21 жасқа толғанға дейін 10 АЕК көлеміндегі  алиментті карточкасына аударуға келісті. Келісілген шартты әкесі мен баласы медиациялық келісімге қол қою арқылы бекітті.

 

Э.Есенгалиева

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив